Боралдай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Боралдай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Боралдай ауылдық округі бойынша 3 елді мекенде жалпы 440 аула, 2 529 тұрғын бар, округ бойынша 6 өзге ұлт өкілдері тұрады. 3 елді мекенде: 3 орта мектеп, 2 бала-бақша, 1 өрт сөндіру бекеті, 2 медициналық пункт, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана, 1 ветеринариялық пункт халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Боралдай ауылдық округі аумағының жалпы жер көлемі 32 775 гектар болса, ауыл шаруашылығы алқабы 21 975 гектарды құрайды, оның ішінде: 9070 гектар егістік, 8 778 гектар жайылым және 130 гектар шабындық жерлер. Кәсіпкерлік саласы: Жалпы округ бойынша 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 2 заңды тұлға (АӨК), 246 шаруа қожалық, 46 жеке кәсіпкер. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде 361 адам жұмыспен қамтылған. Ауыл ішілік жолдарды жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 2,8 шқ құрайтын 4 көше орта жөндеуден өтті. Облыстық бюджет есебінен Ертай ауылындағы Тиесарық және Ж.Қонашев көшелері орта жөндеуден өтті. Жоба құны 25 203,0 мың теңге. Аудандық бюджет есебінен Көлтоған ауылындағы Абай және Б.Момышұлы көшелері орта жөндеуден өтті. Жоба құны 17 980,0 мың теңге. Аталған жолдарға «Ұлттық сапа» орталығының сынамасы алынып, оң қорытындысы негізінде қабылданды. Ауылдық елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы аясында аудандық бюджет есебінен Ертай ауылындағы «Ардагерлер аллеясы» саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны 58 240,0 мың теңге. Ауылдық елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы аясында аудандық бюджет есебінен Көлтоған ауылындағы Б.Момышұлы, Рысбек батыр, Сейділда, және Әмір көшелері жарықтандырылды. Жоба құны 3 777,0 мың теңге. «Асар» бағдарламасы аясында Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылында тұрмысы төмен жас отбасы Ильданов Нұрхат Есмахамбетұлының отбасына «Асар» жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 4 бөлмелі тұрғын үй сатып әперілді.