Жаңалықтар

Ауқатты ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Ауқатты ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

      

Ауқатты ауылдық округіне 3 ел мекен қарасты. Олар Ауқатты, Қызылсай, Бәйтерек ауылдары. Ауылдық округ бойынша жалпы халық саны 9022 адам, аула саны 1388-ді құрайды. «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында      «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жоспардағы – 5 азаматтың орнына, 8 азамат жастар тәжірибесінен өтті. Округ бойынша 1288 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде қоғамдық жұмысшылар 56 адам, спорттық сауықтыру кешенінде 22 адам, жеке инвест жобалар аясында 50 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 5 азамат мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін ашты (4,1 млн теңге). Әлеуметтік сала және қайырымдылық көмектер бойынша. Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмекке қайрылған 11 отбасына оның ішінде  58 адамға  3,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы әр балаға қосымша 600 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді (10 отбасы 22 балаға). Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған 10 адамға 3,5 млн.теңгеге көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 2023 жылдың 12 айында ауылдық округтің белсенді азаматтары тарапынан отбасылық тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына 1,8 млн.теңгеге түрлі қайырымдылық көмектер көрсетілді. Жастарды салауатты өмір салтына насихаттау бойынша. Өткен жылы ауылда спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Спорттық-сауықтыру кешені ашылғалы бері 35 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 1500 астам адам қамтылды. Ауыл тұрғындары бекітілген кестеге сәйкес кикбоксинг, қазақша күрес, волейбол, футбол, ауыр атлетика, теннис үстелімен тұрақты түрде шұғылдануда. Білім беру саласы бойынша. Ауқатты ауылдық округінің аумағында №9, №10 орта және №45 негізгі мектептер бар. Онда барлығы 2070 оқушы оқиды.Оқу жылы кезінде оқумен қамтылмай қалған балалар тіркелген жоқ. Округ бойынша ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны 746 баланы құрайды, оның ішінде 165 бала осал топтағы отбасылардың балалары. Өздеріңізге белгілі өткен жылы Бәйтерек ауылында 150 орындық мектеп құрылысы басталған болатын, ағымдағы жылы аталған мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілетін болады. Денсаулық сақтау саласы бойынша Ауқатты ауылдық округі бойынша 3 денсаулық сақтау мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық округ бойынша 2023 жылы 192 нәресте дүниеге келді. Тіркеуде тұрған жүкті әйелдер саны 124 адам. Қызылша ауруына вакцинациялау бойынша берілген жоспар-686, орындалғаны-964.   Әскерге шақыру жұмыстарына тоқталатын болсам. Ауқатты ауылдық округі бойынша 2023 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына 24 жасақ берілген. Оның ішінде көктемгі шақыру науқанына жоспар бойынша 12 азамат берілген. 12 азамат толық әскер қатарына жолданып, 100% орындалды. Ал күзгі шақыру науқанына жоспар бойынша 12 жасақ беріліп, 11 азамат әскер қатарына жолданды немесе 91% орындалды. Ауылдық округ әкімдігі қоғамдық келісім кеңесі, ардагерлер кеңесімен және ауыл тұрғындарымен 2023 жылы жалпы 14 кездесу ұйымдастырып, ұлтаралық бірлікті нығайту, жастардың патриоттық сезімдерін  ояту, отбасындағы тұрмыстық қатынастар туралы және тағы басқа тәрбиелік мәні бар тақырыптарды талқылады. Бюджетке түсетін  салықтар мен түсімдерге келетін болсақ. Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша түсетін  бес түрлі салықтың 2023 жылғы жоспары – 26 млн 039,0 мың теңгені құраса, нақты орындалғаны 31 млн. 579 мың теңге немесе 121,2% орындалды . Инвестиция тарту бойынша 2023 жылы 66,0 млн. теңгеге 3 ауыл шаруашылығы бағытындағы инвестициялық жоба жоспарға сәйкес орындалды. Атап айтқанда:

  1. «Құрылысшы» ШҚ «КазАгроФинанс» корпорациясы арқылы 12,7 млн теңгеге «Беларус-892» тракторын лизингке сатып алды.
  2. «Алишер» ШҚ «КазАгроФинанс» корпорациясы арқылы 23,2 млн. теңгеге «ZoomLion RS1304» тракторын лизингке сатып алды.
  3. «Ауқаттылық» ШҚ жеке қаражатына құны 30,1 млн.теңгені құрайтын 60 га егістік жерге тамшылатып суғару жүйесін сатып алып орнатты.
Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша.

Ауқатты ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 30 312 га, егістік – 7303 га оның ішінде  суармалы – 3534 га, айдалмалы – 3769,  жайылым жерлер – 22 095  гектар.  Жалпы ауылдық округте 2023 жылға  5667 мүйізді ірі қара, 26513  ұсақ малдар және 1300 жылқы малы, 5120 құс тіркелген. Ауылдық округте 2023 жылы 3919 га жерге жаздық арпа себілді,  36 000 тонна өнім алынды және 126 га жерге жүгері себіліп, 14 112 тонна өнім алынды. Картоп 181 гектарға, көкөністер 380 гектарға және 2200 га жерге көпжылдық шөп егілді. 2023 жылы округтің шаруа қожалықтары облыстық және аудандық деңгейде ұйымдастырылған 6 ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысып, 3,4 тонна өнімдерін сауда-саттыққа шығарды. Жайлым жер мәселесі бойынша. Ауқатты ауылдық округіндегі  елді мекеннің жайылым жер көлемі 1055 га жерді құрайды. Мал басына шаққан кезде 1945 га жайылым жетіспеушілігі анықталып отыр, бұл мәселе бойынша қазіргі таңда 5 бағыт бойынша жұмыс атқарылуда.          Газдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар. Бүгінгі күнге, Ауқатты ауылы бойынша – 1071 аула оның ішінде табиғи газға қосылғаны – 850 аула немесе 79,3% құрады. Ал, Қызылсай ауылы бойынша – 208 аула оның ішінде табиғи газға қосылғаны – 102 аула немесе 49,0% құрайды. Бәйтерек ауылына табиғи газ тарту үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. Нәтижесі күтілуде. Ауыз су мәселесі. Ауқатты ауылына 2018 жылы жаңа ауыз су желісінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 1104 абонент ауыз суға қосылған. Өткен жылы Бәйтерек ауылында су тарту құрылыстарын, су құбыры желісін және сервистік желісінің құрылысына тиісті қаражат бөлініп, жұмыстар басталды (Құны 840 млн тг, мердігері «Korday Group» ЖШС). Ал Қызылсай ауылын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған соң, қаражат қарастырылып биыл жұмыстарды бастау жоспарлануда. Суармалы су мәселесі. Былтырғы жылы вегетациялық кезеңде бірқатар шаруаларға суармалы судың тиісті көлемде жетпей қалу деректері орын алған. Осы мәселені шешу үшін Қызылсай ауылынан су тоспасын салу жұмыстары қолға алынды. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдігі тарапынан 40 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі алынды. Ендігі кезекте ЖСҚ әзірлеу үшін жер телімін облыстық құрылыс басқармасына өткізу жұмыстары жүргізілуде.