Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен

Жамбыл облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен
Жамбыл облысында 16 әлеуметтік дүкен бар, ол жақтағы өнімдердің бағасы нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен. Күн сайын дерлік әлеуметтік дүкенге 2500-2800 тұтынушы келеді. Павильондардың айналымы күн санап артып отыр. Нәтижесінде, мұнда бір аптада құны 70-80 млн тг болатын, 70-80 тонна өнім саудаланып жатыр, дейді Жамбыл облысы әкімдігі. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі дүкендерде сұраныстың шынымен жоғары екенін растайды. Сөзімізге дәлел ретінде, БАҚ беттеріндегі әлеуметтік дүкендер туралы оң ақпараттардың жиі жарияланып жатқандығын айта аламыз дейді. «Нарық жағдайында баға әр түрлі факторлардың әсерінен үнемі өзгеріп отыратыны сөзсіз. Дегенмен, біздің сауда павильондарымызда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы әрдайым төмен. Осымен халықты да қызықтырып отырады. Әсіресе зейнеткерлер мен халықтың осал тобындағы адамдар үшін бұл бағалар үлкен көмек», – дейді «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз хатшысы Кирилл Бердецкий. Тараз ӘКК-ның павильондарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бүгінгі бағасы төмендегідей көрсетілген: күріш – 400 теңге, 1-ші сұрыпты ұн – 150 теңге, қарақұмық – 250 теңге, 1-ші сұрыпты нан – 90 теңге, макарон - 290 теңге, тауық еті – 730 теңге, 2,5 пайыздық пастерленген сүт – 330 теңге, 2,5 пайыздық айран – 290 теңге, 5-9 пайыздық сүзбе – 1200 теңге, 1 санаттағы тауық жұмыртқасы – 55 теңге, 72,5 пайыздық тұзсыз сары май – 1580 теңге, өсімдік күнбағыс майы – 500 теңге, орамжапырақ – 90 теңге, пияз – 60 теңге, сәбіз – 160 теңге, картоп – 115 теңге, құмшекер – 340 теңге және ас тұзы – 45 теңгеден сатылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру – ең маңызды мәселенің бірі және үнемі жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар