Жаңалықтар

Байзақ ауданындағы эпизоотиялық жағдай

Байзақ ауданындағы эпизоотиялық жағдай

Байзақ ауданы аумағында 18 ауылдық округта 43 елді мекен орналасқан. Қазіргі таңда, Байзақ ауданы аумағындағы мал саны өсімі байқалады.

  • 55 261 бас МІҚ   - 106 пайызға өсімі;
  • 410 000 бас ҰҚМ – 109 пайызға өсімі;
  • 21 950 бас жылқы – 110 пайызға өсімі;
  • 1 265 бас түйе – 102 пайызға өсімі;
  • 250 бас шошқа – 40 пайызға кеміген.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2023 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарына сәйкес, толығымен орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына  2  851 170   манипуляция  (вакцинация) жүргізілді. Мемлекет тарапынан 11 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы, атап айтқанда: сібір жарасына, құтыруға, нодулярлы дерматитке, эктимаға, обаға, эхинококкозға, шешекке, қарасанға, құс тұмауына, брадзотқа, аусылға және тағы да басқа ауруларға вакцинациялау, дауалау жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы аудан аумағында аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Сібір жарасы ауруына қарсы 62 227 бас МІҚ, 451 640 бас ҰҚМ, 20 209 бас жылқы, 1 329 бас түйе және 750 бас шошқа егіліп, жоспарға сәйкес толығымен орындалды. Энзоотиялық жұмыстар бойынша 17 600 бас МІҚ-ға тейлериоз ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында, 726 577  ауыл шаруашылық жануарларынан қан алынып, серологиялық-диагностикалық тексерулер жүргізілді. Сарып ауруына тексеру нәтижесінде 60 бас малдардан оң нәтиже анықталып, ауру жануарлар «ИП Рамазан» мал сою алаңшасына  өткізіліп, қайта өңдеуге жіберілді. Байзақ ауданында бірдейлендіру жұмыстары бойынша 161 700 бас ауыл шаруашылық жануарлары бірдейлендірілді. Төлдерге бірдейлендіру жұмыстары мемлекет қаражаты есебінен жүргізілді. Мемлекеттік қызметтер бойынша барлығы 17 392 ветеринариялық анықтама және 5 864 ветеринариялық паспорт берілген. Оның ішінде, 16 769 ветеринариялық анықтама жеке тұлғаларға, ал, 623 ветеринариялық анықтама заңды тұлғаларға берілген. Сонымен қатар, ветеринариялық паспорт 5 550 жеке тұлғаға берілсе, 314 паспорт заңды тұлғаларға берілген. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заңы аясында, ит аулау жұмыстары жүргізілуде. Ауданда «Жамбыл 109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімшіліктерінен келіп түскен өтініштерге сәйкес, 2023 жылы 2094 бас жабайы қаңғыбас ит-мысықтар  ауланды. Байзақ ауданы, «Үшбұлақ» ӨК-і аумағынан қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша күтіп - ұстауға арналған панажайдың (питомник) құрылысы аяқталды. Кәсіпорынның теңгерімінде:

  • 18 дана «НИВА» автокөлігі,
  • 2 дана ДУК машинасы,
  • 2 дана «УАЗ»,
  • 1 дана «Ssang Yong»,
  • 1 дана «Газ-53»,
  • 1 дана ВАЗ-20-107, жалпы 25 дана автокөлік бар.

Ауылдық округтерде жалпы 139 ветеринариялық маман жұмыс атқарады. Ветеринариялық бекеттермен қамтылуы бойынша, қазіргі таңда ауылдық округтердің 12-сі ветеринариялық бекетпен қамтылған. 2024 жылы 3 ветеринариялық бекет және 2-тоғытпа (купка) құрылысы индикаторға енгізілді, Қалған 3 ветеринариялық бекет құрылысы алдағы жылдарда индикаторға енгізу жоспарлануда. Ауданда мал өлекселерін тастайтын КМК-ның теңгерімінде екі типтік үлгідегі биотермиялық «Беккери» шұңқыры бар. Олар Бурыл және Дихан ауылдық округтерінде орналасқан. Бүгінгі күнге Суханбаев және Көптерек ауылдық округтерінің аумағында «Беккери» шұңқырларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Ауданда 1 мал сою алаңы және Дихан ауылдық округінде 1 мал тоғытатын (купка) орналасқан. Байзақ ауданы аумағында 7 елді мекенде 8 сібір жарасы ошақтары орналасқан. - Ботамойнақ ауылдық округінде 2 көмінді; - Дихан ауылдық округінде 1 көмінді; - Үлгілі ауылдық округінде 1 көмінді; - Көптерек ауылдық округінде 1 көмінді; - Жаңатұрмыс ауылдық округінде 1 көмінді; - Суханбай ауылдық округіне қарасты құмды «Ақ дана» аумағында 1 көмінді; - Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «КӨК дана» аумағында 1 көмінді. Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған,  бетондалған, тақтайшаларда аурудың тіркелген жылы, айы, ауырған малдың түрі, саны, орналасқан жердің координаттары жазылған. Тұрақты дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырады.   Қолдан ұрықтандыру Байзақ ауданында «Ауыл аманаты» жобасына енген Қостөбе, Үлгілі, Түймекент, Жалғызтөбе ауылдық округтерінің ірі қара малдарын асылдандыру мақсатында, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен 2023 жылдың 11 мамырында 750 бас ірі қара малдарына «Әулиекөл» және «Симментал» тұқымдарының ұрықтары бөлінді. 2023 жылдың 11 мамырынан қолдан ұрықтандыру жұмыстары басталып, бүгінгі күнге дейін аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасына енген ауылдық округтерінде 649 бас ірі қара малдары қолдан ұрықтандырылды. Жалпы бүгінгі күнге, Байзақ ауданында эпизоотиялық ахуал тұрақты.