Ауылшаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, көктемгі дала жұмыстары
Ауылшаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, көктемгі дала жұмыстары
2024 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 40,7 млрд. теңге қарастырылса, оның 19,6 млрд. теңгесі мемлекеттік бағдарламаларға, яғни субсидияға бөлініп отыр. Бүгінгі күні 2320 шаруашылыққа 3,5 млрд. теңге субсидия төленді. Жыл басынан бері салада 14,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2,2%-ға артты. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 310,3 млн. теңге инвестиция тартылды. Биыл 2024 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдары 644,8 мың гектар алқапқа орналастырылады. Оның 364,7 мың гектарына дәнді және дәнді бұршақты, 45,7 мың гектарына майлы дақылдар, 7,9 мың гектарына қант қызылшасы, 4,5 мың гектарына картоп, 23,1 мың гектарына көкөніс, 7,9 мың гектарына бақша дақылдары, 190,5 мың гектарына мал азығы дақылдары егіледі. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 44,8 мың тонна тұқымның 42,9 мың тоннасы яғни, 95,7%-ы қолда бар. Жетіспейтін тұқым көлемі облысымызда және көрші облыстарда тұқым өндіруге және сатуға аттестатталған шаруа қожалықтар тарапынан толықтырылатын болады (қант қызылшасы және дәндік жүгері дақылдарының гибридті тұқымдары тұқым сатушылар тарапынан жеткізіледі). Көктемгі дала жұмыстарына 7 311 дана ауыл шаруашылығы (тракторлар - 4 585 дана, соқалар - 1 234 дана, қопсытқыштар - 580 дана, дән сепкіштер - 822 дана, тұқым дәрілегіштер - 90 дана) техникалары қатысады. Қазіргі уақытта техникалардың 92,4% көктемгі дала жұмыстарына дайын. Дала жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет тарапынан 10,8 мың тонна дизель отыны бөлінді. (Бүгінгі күні оның 3,7 мың тоннасына қаражат аударылып, 1,2 тоннасы облысқа жеткізілді) Арнайы комиссияның шешімімен облыс бойынша жанар-жағармай таратушы әлеуетті операторлар анықталып, дизель отынының бағасы литріне 250 теңге болып бекітілді. 2024 жылы 332,4 мың гектар алқапқа 53,3 мың тонна минералды тыңайтқыш ендіріледі. Тыңайтқыш сататын кәсіпкерлердің бағалық ұсынымдарын GOSAGRO-ға ендірілді. Сондай-ақ, биылғы жылы 65,2 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіледі (43,9 мың гектарға тамшылатып суару технологиясы, 21,2 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясы). Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы 2,5 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні шаруалардан түскен 24 өтінімге 217,6 млн. теңге төленді және өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта шаруашылықтар тарапынан ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке бастапқы төлемсіз алу жөнінде көптеген ұсыныстар түсуде. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз авансты төлем жасау есебінен техниканы 6%-бен алуға мүмкіндік бар. Оған 3,0 млрд. теңге қаржы көзделген. Одан бөлек, сатып алынған техникаға субсидия қарастырылған. Импортталған техникаларға - 15%, отандық техникаларға - 25% мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Айта кететін нәрсе кооперативтерге де жергілікті бюджет есебінен 50%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сол сияқты су үнемдеу технологияларын (тамшылатып, жаңбырлатып) аванстық төлеммен алуға болады. Бұл бағыттарға республикалық бюджеттен қосымша 12,0 млрд. теңге қаржы сұратылды. Қорыта айтқанда Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған облыстық жол картасы әзірленіп, оны іске асыру бағытында жұмыстар атқарылуда.