Қостөбе ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары
Қостөбе ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жоспарлары
Қостөбе ауылдық округінің аумағы 4755,0 га. 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы аула саны – 1369, халық саны – 7241 адамды құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Қостөбе ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді. 2023 жыл бойына АӘК жәрдемақысына 6 отбасының өтініштері қабылданды. 6 отбасының 35 адамына 1 млн. 282 мың теңгеге тағайындалып, толығымен төленді. 2023 жыл бойына жергілікті салықтар бойынша жоспарланған 26 млн. 749 мың теңгенің, 27 млн. 796 мың 6 теңгесі түсіп, жалпы орындалуы 103,9 % пайызды құрады. Салынған айыппұл саны - 3, сомасы103,5 мың теңге. Ауылдық округтің жер көлемі 4755,0 га егістік жер болса, оның 1664,0 га суармалы, 0 га тәлімі жер. 2023 жылы 196 шаруа қожалығы тіркеліп егін және мал шаруашылығымен айналысуда. 2023 жылы 150 гектарға арпа, 160 гектарға жүгері, 35 гектарға картоп, 140 гектарға қант қызылшасы, 563 гектарға көкөніс, 3 гектарға бақша, 130 гектарға жаңа жоңышқа, 383 гектарға ескі жоңышқа егіліп, тиісті өнім алынуда. Қостөбе ауылдық округінде жалпы жайылым жер бүгінгі күнге 1190 га,ал округтегі мал басына шаққанда қажетті жайылым көлемі 15335 га, жайылым жердің жетіспеушілігі 14145 га. 2023 жылы қой,ешкі – 6900 бас (-1900), МІҚ – 4700 бас (-1220), жылқы – 750 бас (+60), үй құстары – 16585 бас (0), шошқа - 100 бас (-20). Ауылдық округте Н.Гоголь атындағы орта мектебі, Қостөбе орта мектебі, «Жансая», «Гүлсім» балабақшалары жұмыс істейді. 1954 жылы салынған 100 орындық Қостөбе ауылдық клубы бар. Кітапханада цифрландырылған ақпараттық орталық тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде. Спорттық нысан - 11, спортпен шұғылданушылардың саны – 2215 (31,06 %). Спорттық үйірмелер саны – 7 (волейбол, баскетбол, бокс, күрес). 2023 жылы тіркелген қылмыс - 19, ашылмаған - 1, ашылғаны - 18, оның ішінде, бөтеннің мүлкін ұрлау - 3, жол көлік оқиғасы -14, мал ұрлығы -1. Құқық бұзушылық пен мал ұрлығының алдын алу үшін Қостөбе ауылында 3 бейне бақылау, Талас ауылында 3 бейне бақылау камерасы орнатылған. 2023 жылы тұрмысы төмен, Ж.Рахымбердиевке «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауыл белсенділерінің атсалысуымен 3 бөлмелі үйге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.