Мемлекеттік өрт бақылау жүргізудің тәртібі және ҚР ТЖМ көрсетілетін өзге де мемлекетттік кызметтер туралы
Мемлекеттік өрт бақылау жүргізудің тәртібі және ҚР ТЖМ көрсетілетін өзге де мемлекетттік кызметтер туралы
Тараз қаласында өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің базасында өрт бақылауын жүргізу тәртібін және ҚР ТЖ министрлігі көрсететін өзге де мемлекеттік қызметтерді және халықтың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігіне қатысты басқа да өзекті мәселелерді түсіндіру бойынша баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер-мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев және Жамбыл облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бас маманы Дархан Жапаров және ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақов болды. Мақсат Әкімбаев бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салаларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қандай өзгерістер мен толықтырулар болғанын және қандай жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылатынын айтты. Сонымен қатар, ол өрт пен көміртегі тотығымен уланудың қайғылы салдарларының қаупін азайту мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы айтты. Дархан Жапаров 2024 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан және ағымдағы жылдың су тасқыны кезеңі қалай қиындауы мүмкін екендігі туралы хабарлады. Талғат Байзақов өнеркәсіптік мақсаттағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы және Департаменттің бақылауында қанша кәсіпорын тұрғаны туралы баяндады. Спикерлер қауіпсіздік ережелерін сақтау және заңдардың тармақтарын сақтау қажеттігін еске салды. Жалпы, жылыту маусымы басталғаннан бері (2023 жылғы 15 қазанан бастап қазіргі уақытқа дейін) тұрғын үй секторында 155 өрт тіркелді (2022 -2023 жж - 188), бұл өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 14% азайды. Өртте жарақат алғандар саны 2 жағдайға азайды (2022-2023г. –5, 2023-2024г. – 3), ал қаза болғандар саны бір деңгейде (2022-2023г. – 4, 2023-2024г. – 4). Сонымен қатар, 9 улы газбен улану оқиғасы тіркелді, онда 3 адам қаза болды (2022-2023г. – 3) және 6 адам уланды (2022-2023г. – 16), яғни өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда улы газдан жарақат алғандар саны 3 есеге азайды. Облыстық ТЖД аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 5219 тұрғын үйді есепке алды, олардың барлығы жылыту маусымы басталғанға дейін алдын алу жұмыстарымен қамтылды (2472 үйге ЖАО өкілдері бірге барды), 6753 азаматқа нұсқау берілді (а.ж. 15 қазандағы жағдайы бойынша). Анықтама: 792 үйде 2287 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Жылыту маусымы барысында (екінші кезеңде 18 желтоқсан жағдайы бойынша), әлеуметтік жағынан осал азаматтардың 5129 үйі қайта қаралды 9536 азаматқа нұсқау берілді. 4616 үйде анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылды, оның ішінде 3265 – тұрғындардың өздері, 1351-ЖАО көмегімен жойылған. Бұзушылықтардың 90% - ы электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын және автономды жылу жүйелерін пайдаланумен байланысты екенін атап өту қажет. Әлеуметтік жағынан осал азаматтармен қатар тұрғын үй секторын жаппай аралау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылғы жылыту маусымынан бастап 374425 үйде профилактикалық аралаулар жүргізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы 28250 үйде анықталды. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында 595 мың 620 азаматқа нұсқау берілді. Жаппы профилактикалық іс-шараларға 1196 еріктілер, 145 ерікті өртке қарсы құрылымдардың мүшелері, 820 ЖАО, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ «КазТрансГайАймақ» АҚ ЖӨФ, «ЖЭС» ЖШС мамандары тартылды. Сонымен бірге тұрғын үй секторындағы рейдтік іс-шаралар мен акцияларға облыстық журналистері тартылды, жалпы бұзаралық ақпарат құралдарында 1148 өртке қарсы материалдар жарияланды (баспа-669, ТВ-138, радтоэфир-341), сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда 454 мақала орналастырылды. Өңірлік коммуникация орталығында 26 брифинг өткізілді, жол бойларында және адамдар шоғарланатын орындарда 74 баннер орналастырылды. Облыстық телеарнада және 7 «Лед дисплейде» бейнероликтер жарияланды, аптасына екі рет ұялы телефон абонентеріне мұржаны тазалау және тартуын тексеру қажеттігі бойынша СМС хабарлама жолдануда. Тұншықтырғыш газбен уланудың қайғылы салдарларының қаупін азайту мақсатында тұрғын үйлерде тұншықтырғыш және табиғи газдың жану өнімдерінің (түтін) қауіпті концентрациясын ерте анықтау датчиктерін орнату жұмыстары жалғасуда. Жалпы 6052 датчик орнатылды, оның ішінде: табиғи газ –2418, улы газ – 2002, түтін – 1632. Тұншықтырғыш газ - көміртектің жануы немесе жалғанған жердің жануы кезінде болатын түссіз және иіссіз газ. Бұл газ автокөліктердің пайдаланылған газында, табиғи газда, көмірдің түтінінде және шам газдарында болады. Осындай газбен ұзақ уақыт дем алу, сонымен қатар жарақат алған адамда бас ауыру, жүрек айну, бас айналу немесе құлақта шудың пайда болуы тұншықтырғыш газбен уланудың симптомдары болып табылады. Егер уланудың ауыр түрі болатын болса, жарақат алған адамда демінің сал ауруына алып соғуы мүмкін, ал ол өте қайғылы, яғни өліммен аяқталуы мүмкін. Жылыту пештерінен шыққан түтінге улану жағдайларының 70% мұржаның талапқа сай болмауынан немесе дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындардың алдымен қырағы болып, төмендегі ережелерді мұқият есте сақтағандары жөн: - Үйге (пәтерге, саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдары мен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады – мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады; - Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін мамандар кірпіштен салынған мұржаларды тоқсанына бір рет тазалайды, ал әк пен цементтен жасалған және металл мұржаларды жылына бір рет жылыту кезеңінің алдында тазалайды; - Жылыту құралдарын қосардың алдында міндетті түрде мұржаның түтін тартуын тексереді; - Жеке үйлерде мұржа қатып қалмауы үшін қысқы уақытта оны орау керек; - Іске қосылған мұржаны кірпішпен, сондай-ақ мұржадағы жапқышпен жабуға болмайды; - Мұржаның бас жағына құс ұя салмауына, сондай-ақ жауын-шашын тамбауына орайластырылып жасалуы тиіс; - Газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағының тығыздығы өзгерген (жарықтар пайда болғанда) кезде пайдалануға болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштың түтін шығаратын құбырларында өзбетінше қосымша шиберлер орнатуға тыйым салынады; - Терезе (фрамуга), жалюздер және желдеткіш арналары жабық болса, мұржаларда, желдету арналарында және ванна бөлмесінің есігі астында түтін тартатын қуыс болмаған жағдайда газ құралдарын қолдануға болмайды. Газ жабдықтарын немесе жылыту пештері орналасқан бөлмелердің терезелерін түнгі уақытта жабық қалдырмаңыз, газ құралдары орнатылған жерді демалатын және ұйықтайтын бөлме ретінде пайдаланбаңыз! Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін сақтаңыз!