Жаңалықтар
Кенеден сақтану және кенелерден жұғатын аурудардың алдын алу
- author Zhambylokq
- 15 наурыз, 2024
- 147
Кенеден сақтану және кенелерден жұғатын аурудардың алдын алу
Жамбыл облысында наурыз-сәуір айларынан бастап ауа-райын ескере отырып, кенелердің белсенділік маусымы басталады, ол қазан-қараша айларына дейін созылуы мүмкін.
Кенелермен берілетін аурулардың бірі – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы. Бұл аса қауіпті жұқпалы ауру, тоқтаусыз қан кетумен, жоғары өліммен сипатталады, яғни медициналық көмекке уақтылы жүгінбесе, науқас өліп кетуі мүмкін. КҚГҚ вирусының негізгі тасымалдаушылары – иксод кенелері.
2024 жылы Жамбыл облысы бойынша табиғи ошақ аумағына 46 елді мекен орналасқан, Мойынқұм (14 елді мекені), Таласта – (9), Сарысуда – (12), Жамбылда – (2), Байзақта – (3), Шу ауданында – (6).
2023 жылы КҚГҚ-мен 12 жағдай тіркелген болатын. Ағымдағы жылы аймақта кене шағу фактілерінің тіркеліп жатқандығын айта кету керек. Бүгінгі таңда (14.03.2024ж.) облыс бойынша кене шағу фактілерімен 1 адам тіркелді. Зардап шеккен тұлға 14 күндік медициналық бақылауға алынды, шағымдары жоқтығына байланысты, бақылаудан шығарылды. Табиғатта демалу кезінде өзіңізді ККГЛ инфекциясынан қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет: - табиғатқа шыққан болсаңыз, ұзың жеңді, шұлықтың ішіне салатындай ұзын балақты шалбарымен ашық түсті киім киген жөн. Қосымша, жәндіктерді үркітетін препараттар (аэрозоль, репелленттер) қолдануға болады;
- мал бағу және қырқын жүргізетін орынды, онымен қоса малды алдын ала кенеге қарсы дәрі дәрмектермен залалсыздандыру қажет;
- мал күтімімен айналысқанда жоғарыда айтылған қорғаныс киімдерін киген жөн, малды кенеден тазартқанда және малдың жүнін қырққанда қосымша қолған киіп, беттің ашық жерлерін бет пердемен жауып, қорғаныс көзілдірік киген жөн.
- барлық айтылып кеткен жағдайда, киімге жабысқан кенені уақтылы байқау үшін, белгілі бір уақытта киіміңіздін үстін өзіңіз немесе бір біріңіздің киім үстін қарап тұру қажет;
- егер сіз КҚГҚ-мен ауырған науқаспен қарым қатынаста болсаңыз, терінің ашық жеріне кене жабысқанын байқасаңыз, әсіресе шырышты қабыққа кененің қаны жағылған болса, сізге тез арада медициналық мекемеге көмекке жүгіну қажет;
- Теріге жабысқан кенені мүмкідігінше тез арада алу керек. Оны теріге жақынырақ қысқышпен жаймен, жұлқыламай қысып, тарту қажет. Кене жабысқан орынды спиртпен сүртіп, алынған кенені жақсы жабылатын ыдысқа салып, қақпағын жабып, медициналық мекемеге көмекке жүгіну қажет.