Жамбыл облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің атқарған жұмыстары
Жамбыл облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің атқарған жұмыстары
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Заңнамаларының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Оның ішінде негізгі бағыттары:
- Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
- Білім беру қызметіне қойылатын талаптар;
- Профилактикалық бақылау;
- Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;
- Білім туралы құжаттарды апостильдеу;
Департаментпен 2024 жылға мемлекеттік аттестаттау 269 білім беру ұйымдарына өткізу жоспарланған. Оның ішінде: 223 мектеп, 46 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары. Бүгінгі күнге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілді. Аттестаттау нәтижесі бойынша 46 балабақша алғашқы аттестаттаудан өтпеді, 7 балабақша қайта аттестатталды. Сонымен қатар, 2024 жылы 10 мектепке қайта аттестаттау жүргізілетін болады. Мемлекеттік аттестаттау барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» №486 бұйрығы негізінде жүргізілетін білім беру қызметі Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» №348 бұйрығының талаптарына сәйкестігі қаралады. Атап айтқанда, материалдық-техникалық базасының болуы, жұмыстық оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілердің даму мониторингісі, перспективалық жоспары, жас ерекшеліктерінің сақталуы, оқу жүктемесіне қойылатын талаптар, 4, 9-сынып білім алушыларына арналған тестілеу нәтижесі. Профилактикалық бақылау: Бару арқылы профилактикалық бақылауды 11 білім беру ұйымдарында жоспарланған. 8 мектеп, 2 балабақша, 1 колледж. Жоспарға сәйкес 4 мектепке (Қордай ауданы №19 Бұлар батыр, Шу ауданы М.Дулатұлы, Байзақ ауданы Қосақ, Ғ.Байтасов атындағы орта мектебі) өткізілді. Тексеру нәтижесінде 3 мекемеге бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. 2021-2022 оқу жылында 6 мектепте профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша берілген нұсқама орындалмаған (Жуалы- №29, Қордай-№29, Т.Рықұлов-Ә.Бөкейханов, Сарысу-Жаңаталап, Шу-Жайсан, Мойынқұм-Жамбыл). Анықталған кемшіліктер: оқу кабинеттері, оқу-зертханалық бөлмелері, тамақтану объектісі, спорт және акт залдары мен шеберханалардың болмауы. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптар. Департаментпен 2024 жылы 39 мектепке білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптардың сәйкестігін анықтау мақсатында тексеру жоспарланған. Қаңтар-наурыз айларында облыстағы 4 мектепке мемлекеттік біліктік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 4 мектепте біліктілік талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Атап айтқанда: Материалдық-техникалық базаның, мұғалімдердің сапалық құрамының талаптарға сәйкес келмеуі. Тексеру нәтижесі бойынша 4 мектепке нұсқама берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: 2024 жылдың қазіргі кезеңіне дейін «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы 20 өтініш түсті. 1 мемлекеттік мектепке бас лицензия берілді (Тұрар Рысқұлов №6), 7 мектептің лицензиясы қайта рәсімделді. 12 білім беру ұйымдарына лицензиялау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты дәлелді бас тартылды. Облыста 53 жекеменшік мектептер білім беру қызметімен айналысуда. Оның ішінде Тараз қаласында-22, Қордай ауданында-21, Жамбыл ауданында-4, Шу ауданында-3, Меркі ауданында-2, Байзақ ауданында-1. Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою қызметі бойынша 18 құжат орындалып, мемлекеттік корпорацияға жолданды, 2 құжат талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылды. Қазіргі уақытта жоғары білім беру ұйымдарынан шыққан құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің құзырына өткізілген. Арыз-шағымдар бойынша Департаментке жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан 48 өтініш түсіп, оның ішінде 2 әкімшілік іс қозғалып нұсқама берілді. Түскен өтініштердің 11 қаралып орындалды, 37-сі басқа мекемелерге құзырына сәйкес жолданды. Мәні бойынша: конкурс талаптарының бұзылуы, сағат жүктемесінің дұрыс бөлінбеуі, басшылық тарапынан қысым көрсетілуі, лауазымын асыра пайдалануы. Педагог мәртебесі және Педагогикалық әдеп мәселелері бойынша Ағымдағы жылы Департаментпен Педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органымен 1 отырыс өткізілді. Ауылдық мектеп оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінде «академиялық адалдық» принциптерін бұзған 3 педагогке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» 3-тарау 7-тармағы 4) және 5) тармақшалары, Қазақстан Республикасының Педагог мәртебесі туралы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес шаралар қабылдау ұсынылды. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) 2024 жылғы 15-26 сәуір аралығында Жамбыл облысының білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жұмыстары жүргізіледі. Жалпы республика бойынша 2 мыннаң аса мектеп, облыс бойынша 159 мектепте өткізілетін болады. ББЖМ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 03 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бағалау болып табылады және 4, 9 сынып білім алушыларынан алынады. Мониторингтік іс-шаралар Облыс бойынша 85 білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылау жүргізілді. Мектепішілік бақылау 6 бағыттан тұрады: 1)Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау, 2) Оқу процесінің сапасын бақылау, 3) Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау, 4) Оқу-зерттеу қызметі, 5) Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау, 6) Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау. Мониторинг барысында келесі мәселелер анықталды: Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының оқу бағдарламаларына сәйкес болмауы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының оқу бағдарламаларына сәйкес болмауы, электронды журналдың уақтылы толтырылмауы, хаттамалар мен бұйрықтарды рәсімдеу кезінде құжаттау ережелері талаптарының бұзылуы.