Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген тұлғаларға қатысты Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің іздеу жұмысының нәтижелері
- author Zhambylokq
- 18 наурыз, 2024
- 190
2023 жылда іздеу шаралардың нәтижесінде Департаментпен қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген 5 азаматтар анықталды.
2023 жылы ақпан айында Шымкент қаласында 310 млн теңге көлемінде картоптың элиталық тұқымын алуға арналған субсидяларды жымқыру қылмыстың ұйымдастырушы ұсталды. Сол жылдың мамыр айында қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің 190 б. 4 бөл.) сотқа жіберілді.
Сондай-ақ, 2023 жылда 21 млн теңгеден аса көлемінде тамшылатып суаруға арналған субсидяларды жымқырған 2 тұлғаның орналасқан жерлері анықталып (Т.Рысқұлов ауданы мен Тараз қаласында), қылмыстық іс сотқа жіберілді.
2023 жылы қыркүйек айында 153 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтару дерегі бойынша күдіктінің орналасқан жері анықталып, 2023 жылғы қазан айында қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің 245 б. 2 бөл.) сотқа жіберілді.
2023 жылдың желтоқсан айында іздеу шаралардың нәтижесінде мектеп дейінгі білім беру саласына мемлекеттік бюджеттен бөлінген 11 млн теңгеден аса қаражатты жымқыру дерегі бойынша күдікті тұлға ұсталып, 2024 жылғы қаңтар айында қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің 190 б. 4 бөл.) сотқа жіберілді.
2024 жылдың наурыз айында Алматы қаласында 6,7 млн теңге жалпы құнымен 38 тонна бензинді Қазақстан Республикасынан Қырғызстанға заңсыз шығаруды ұйымдастырған азамат ұсталды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Сонымен қатар, шынайы өкінуіне немесе залады өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылығынан босату Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстарының баптарымен көзделгені туралы хабарлаймыз (ҚР ҚК-нің 5 бөлімі, 65-79 ббаптары, ҚР ҚПК 36 бабы).
Осыған орай, осы платформаны пайдалана отырып, біз барлық кәсіпкерлер мен азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, заңды негізде жұмыс істеуге, салықты адал төлеп, ресми өнім өндіретін басқа да кәсіпкерлер мен өндірушілерді құрметтеуге шақырамыз.
Азаматтар қайда жүгіне алады экономикалық қылмыстар бойынша?
Экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы «АФМ Insider«телеграмм ботына хабарлауға болады.
Анықтамалық электрондық пошта: info@afm.gov.kz
Жамбыл облысы бойынша ЭТТД сенім телефоны (кезекші бөлім): 34-76-26.