С.Шәкіров ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
С.Шәкіров ауылдық округіне қарасты 2 елді мекенде 316 аула бар. Оның ішінде, С.Шәкіров ауылында-235 аула, халық саны-1538 адам. Тамабек ауылында -81 аула, халық саны 561. С.Шәкіров ауылдық округінде халық саны 2099 адам.
Округ бойынша 2 – орта мектеп (Ш.Смахнұлы о/м-315, Амангелді о/м 128 оқушы) , 1 – балабақша (Еркетай б/б-50 бала), 1 – спорт мектебінің филиалы (спортпен шұғылданушы балалар саны 62) , 1 – ауылдық дерігерлік амбулатория, 1 – медициналық пункты, 1 – мәдениет үйі, 2 – кітапхана, 1 – пошта бөлімшесі, 1 – ветеринарлық пункт, 2 – мешіт және учаскелік полиция пункті халыққа қызмет көрсетеді .
С.Шәкіров ауылдық округі бойынша 14-35 жас аралығында 489 жас бар. оның ішінде мектепте 14-18 жас саны – 132, студент саны-111, әскер қатарындағы жастар саны – 6, жұмыспен қамтылғандар саны – 93, жеке негізде және өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны – 106, жұмыссыз жастар саны – 38, NEET жастар – 3 ,(Жастар практикасы – 8, Алғашқы жұмыс орны -2, Ұрпақтар келісімі – 1, ақылы қоғамдық – 4 жас.)
2023 жылы жоспарда 151 адам бекітіліп, жолданғандары 152 адам 101% құрады.
Оның ішінде: жұмыс берушінің сұранысымен оқыту – 1, жұмыс орнында оқыту – 1, жастар практикасы – 9, ақылы төлемді қоғамдық жұмысқа – 32, алғашқы жұмыс орны – 2, күміс жас – 2, әлеуметтік жұмысқа – 3, тұрақты жұмысқа – 81, бастау -бизнес жобасына – 16, қайтарымсыз грант – 4, жастарға несие беру – 1 адам жұмыспен қамтылды.
Кәсіпкерлік саласы:
«Агробизнес» бағдарламасы аясында 4 шаруа қожалыққа 90,0 млн. теңге несие рәсімделіп, 1018 бас қой, 63 бас жылқы алынды. («Мұрат» ш/қ – 10,5 млн.теңгеге 208 бас қой, «Мурат» ш/қ – 15,0 млн.теңгеге 360 бас қой, «Асанәлі» ш/қ – 37,5 млн.теңгеге 63 бас жылқы, «Динара» ш/қ – 27 млн.теңгеге 450 бас қой алынды).
35 жасқа дейінгі «Жастар» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер «Сейітқадыр Самал» 5,0 млн. теңгеге 14 бас МІҚ малы алынды.
«Бастау – бизнес» жобасы аясында 16 жұмыссыз ауыл тұрғындарына оқыту жұмыстары жүргізіліп, сертификаты алынды. Осы азаматтар ауылдық округте шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қайтарымсыз грантқа құны 19,2 млн.теңгені құрайтын 16 жоба ұсынылып, 4,9 млн. теңгенің 4 жобасы оң шешімін тапты (көпбалалы Әбіш Балжан(мал шаруашылығы) және Құлахмет Айбек (қоғамдық падаға асыл тұқымды бұқа қосу), ІІ топ мүгедек Мұратбеков Бақтияр (жылыжай) және Дәндібаева Перизат (қоғамдық падаға асыл тұқымды бұқа қосу).
«Ауыл аманаты» жобасы
Жобаның мақсатына сәйкес ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бағытында 120 ауыл тұрғыны жобаға қатысады деп жоспарланды. Жобамен қажетті қаражат көлемі – 679,4 млн теңге. Алынатын мал саны – 4880 бас қой, 289 бас жылқы, 162 бас МІҚ, 6 бас түйені құрап отыр.
Бүгінгі күнге, «Тараз ӘКК-на» 582,9 млн теңгеге 96 жобаның құжаты өткізілді.
2023 жылғы даму жоспарының орындалуы бойынша:
С.Шәкіров ауылдық округінің 2023 жылға арналған даму жоспарына сәйкес ауылдық округте 34,5 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылды ( 7 жұмыс орны).
Сейдикулов Нұржан мал бордақылау алаңы (50 бас МІҚ) – 15,0 млн. теңге;
Тілепов Нұрболат мал бордақылау алаңы (30 бас МІҚ,100 бас уақ мал) – 14,0 млн. теңге;
Амантай Баймұрат ТЖО ашу – 2,0 млн. теңге;
4.Әлімбеков Жасұлан азық түлік дүкенін ашуға – 2,0 млн.теңге;
Бапан Гүлмира азық түлік дүкенін ашуға – 1,5 млн.теңге;
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:
Ауылдық округтегі мал басы: МІҚ – 2675 бас, қой-ешкі – 36924 бас, жылқы – 1117 бас, түйе – 128 бас, үй құстары – 867 бас.
Оның ішінде ауыл тұрғындары МІҚ 1266 бас, қой – ешкі 12430 бас, жылқы 288 бас, түйе 45 бас.
Ауылдық округ бойынша жалпы мал басы санында өсім бар. Ендігі мәселе мал басын асылдандыру. Бұл бағытта былтырғы жылы 13 шаруа қожалық айналысса, биылғы жылы 16 шаруа қожалыққа Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 68,4 млн. теңге субсидия берілді.
ЖАЙЫЛЫМДЫ ҰЛҒАЙТУ БОЙЫНША:
Ауыл тұрғындарының мал жайылымын ұлғайту мақсатында 2023 жылы игерілмей жатқан 1689 га жер қайтарылып, елді мекеннің шекарасының аумағы 3349 га ұлғайтылды.
Алдағы уақытта жайылымды басқару және пайдалану жоспарына сәйкес жерлерін игермей жатқан 23 шаруа қожалықтың 7509,27 га жайылым жерлерін қайтару жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Сонымен қатар, ауылдық округ маңындағы жайылымдық жерлерді пайдалану бойынша 9 шаруа қожалықпен 4677 га меморандум жасалды.
С.Шәкіров ауылынан 5 шаруа қожалығы 1821 га жайылымдық жер.
Тамабек ауылынан 4 шаруа қожалығы 2856 га жайылымдық жер.
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ:
Ауылдық округтегі 1094 га егістік жердің 612 га егістік жері игерілді. Шаруалар тарапынан жеңілдетілген бағадағы 65,2 тонна дизелдік отын және 100 тонна минералды тыңайтқыш алынды.
КАНАЛ, АРЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ:
Тамабек ауылына ағын су келетін Жұмабек каналының 0,6 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары және каналдың қауіпті жерлеріне нығайту жұмыстары жүргізілді.
Шәкіров ауылындағы Қазақбай су қоймасының 1,5 шақырымына (ауыл жақ бөлігіне) нығайту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, демеушілер тарапынан С.Шәкіров ауылындағы «Қазақбай» су қоймасына су келетін 1,2 шақырымды құрайтын арыққа және Тамабек ауылының тұрғындарына ағын су келетін ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын екі арыққа механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
ҮЙ ІРГЕСІНДЕГІ ЖЕРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША:
Жалпы ауылдық округтегі 316 аулада 91 га үй іргесіндегі жерлер игерілуде. Сол уақытта, жаз мезгілінде Талас өзенінде су жетіспеушілігіне байланысты ауыл тұрғындарына жер асты суларын пайдалана отырып, тамшылатып суғару жүйесін пайдалану насихатталуда. Аталған мәселені шешу бағытында демеушілер тарапынан 40 құдық қазу жұмыстары жүргізілді. Яғни тұрғын тарапынан керекті материалдар алынады, қазу жұмыстары тегін жүргізілді. Ағымдағы жылы тұрғындар ауласына 20 құдық қазу жоспарланды.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫН ЖАҢАРТУ:
Ауылдық округте есепте 55 техника тіркелген (трактор-21, басқа техникалар-34). Техника жаңарту бойынша бізде қосалқы техникалар жоспарға сәйкес жаңаруда. Алайда негізгі техникаларды алу төмен деңгейде.
Ағымдағы жылы 3 шаруа қожалығы 3 МТЗ тракторын алу үшін құжаттарын жинақтап, тиісті мекемеге ұсыныс берілді.
ИНВЕСТИЦИЯ БОЙЫНША:
Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 135,0 млн. теңгені құрады (құдық қазу және ауылшаруашығына қажетті техникалары мен құрал жабдықтарына).
КӨРІКТЕНДІРУ, КӨГЕРІШТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ, СЕНБІЛІКТЕР БОЙЫНША:
Ауылдық округ бойынша көше жолдарының ұзындығы 18,2 шақырым және бөлініске сәйкес облыстық пен аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 42 шақырымды құрайды. Тазалық жұмыстары 14 көшеде күнделікті, ал облыстық пен аудандық маңызы бар жолдар айына 1 рет жүргізіледі.
Ауылдық округтегі 316 ауладан қоқыс жинау жұмыстары ұйымдастырылды. Жинау тәртібі – әр айдың 2 және 4 апталарының бейсенбі күні белгіленген. Тұрғындардың келісімі жинақталған. Жинау құны – әр ауладан айына 200 теңге.
Ауылдық округ бойынша 2 жерге «Жасыл белдеу» алқабы белгіленді. Қазіргі таңда алқапта жерасты суын пайдалануға 4 дана құдық қазылып, 1400 дана қараағаш отырғызылды.
КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ КӨШЕ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША:
Аудан орталығы Қаратау қаласына «С.Шәкіров-Тамабек-Ойық-Қаратау» бағытында қоғамдық көлік (автобус) қатынауда. Жол ақысы-500 теңге.
Облыс орталығы Тараз қаласына «Ойық-С.Шәкіров-Тараз» бағытында қоғамдық көлік (автобус) қатынауда. Жол ақысы-600 теңге.
Ауылдық округ бойынша 14 көше жолдарының ұзындығы 18,2 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда, 14 көшенің 6 көшесінде асфальт жамылғысы бар.
Ағымдағы жылы көшелерді орташа жөндеуден өткізу бойынша республикалық бюджеттен С.Шәкіров ауылындағы 5 көшеге 143,0 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Тамабек ауылы М.Ташкентбаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 33,9 млн теңге бөлінді.
Қалған 2 көшенің орташа жөндеу жұмыстары ауданның даму жоспарына сәйкес 2025-2026 жылдарға жоспарланды.
КӨШЕ ЖАРЫҒЫ БОЙЫНША:
Электр жарығы округте әуе желісі арқылды тарайды. Желі тарату станциясы 1, желі тарату станциясы (фидр) 4, ктп 12 жұмыс істеп тұр.
2023 жылы аудандық бюджеттен 2,7 мың теңге қалып, Шәкіров ауылындағы Абай, Алғабас және Ақөзек көшелеріне түнгі жарық шамдары орнатылды. Жалпы ауылдық округтегі 14 көшенің 7 көшесіне түнгі жарықтандыру жүргізілген.
АУЫЗ СУ, ГАЗ, БАЙЛАНЫС БОЙЫНША:
Ауылдық округтегі тұрғын үйлер толықтай табиғи газбен және ауыз сумен қамтылған.
С.Шәкіров ауылындағы әлеуметтік мекемелер талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылған. Сонымен қатар, «Activ» «Билайн» «Теле2» мобилді байланыс жүйесі қызмет көрсетеді және «4G» мобилді интернеті қосылған.
«АСАР» ЖОБАСЫ БОЙЫНША:
2023 жылы «Асар» жобасы аясында ауыл тұрғындары көмегімен ІІтоп мүгедек Мұратбеков Бақтиярдың 1,1 млн.теңгеге тұрғын үйін күрделі жөндеуден өткізілді.
«ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША:
Шона Смаханұлы атындағы орта мектебінің акт залын безендіру жұмыстары – 500 мың теңге.
Шона Смаханұлы атындағы орта мектебінің кіре берісінің маңдайшасын заманауи үлгіде жазу жұмыстары – 300 мың теңге.
Амангелді орта мектебіне музыкалық аппарат алынды -600 мың теңге.
«ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ БОЙЫНША:
С.Шәкіров ауылындағы «Байтоқты баба» мешітінде 200 орындық асхана ғимараты салынуда. Жоба құны – 50 млн.теңге. Нысан 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
«МЕЙІРІМДІЛІК» ЖОБАСЫ БОЙЫНША:
Тамабек ауылының тұрғыны Садырова Лунараға (қатерлі ісік ауруына) емделуге ауыл тұрғындары 600 мың теңге жинап берілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізілді. Кездесу нәтижесінде тұрғындарға төмендегідей қызмет көрсетілді:
-78 тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды;
-40 ауыл тұрғыны ауласында құдық қазу жұмыстары жүргізілді;
-16 ауыл тұрғыны мемлекеттік бағдарламаға қатыстырылды;
– 4 ауыл тұрғыны жеңілдетілген несиеге қол жеткізді;
– 12 ауыл тұрғынының өтінішіне сәйкес көше бұрылыстарына шағал төсеу жұмыстары жүргізілді;
– 2 отбасына газ тарту жұмыстары жүргізілді;
– 6 ауыл тұрғынының есік алдына түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді;
– 4 ауыл тұрғынының сұранысына сәйкес 2 көпір салынды;
Ауылда билік пен қоғам арасында ашық диалог орнатылған. Екі елді мекенде тұрғындардың қатысуымен уатсапп мессенджерінде арнайы топ ашылған. Топта тұрғындар тарапынан айтылған ой-пікірлерге тұрақты түрде мониторинг жасалады. Сонымен қатар, әкімдіктің фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары ашылған. Тұрғындар тарапынан жазылған ұсыныс, пікір және сұрақтар бақылауға алынып, дер кезінде жауаптары беріледі.