Брифинг

Ауыл оқушыларына арналған “Мың бала” ұлттық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «El Umiti» қоры» корпоративтік қорымен серіктестікте бесінші жыл қатарынан 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасын өткізуде. Биыл ауыл оқушыларына арналған олимпиада бесінші рет өтуде.

«Мың бала» олимпиадасы – ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтайтын және оларға қолдау көрсететін аса маңызды жобалардың бірі.

Өткен төрт жыл ішінде олимпиадаға республика бойынша  ауыл мектептерінде оқитын 671 мыңнан астам 6-сынып оқушысы қатысты. Олардың арасынан 4000 оқушы олимпиада жеңімпазы атанды, 1374 оқушы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданды.

«Мың бала» жобасының 10 000-нан астам финалисті «Birge oqý» онлайн мектебінен білім алды.

«Мың бала» олимпиадасына қатысу тегін. Биылғы «Мың бала» олимпиадасына тіркелу 10 ақпан мен 13 наурыз аралығында 1000bala.elumiti.kz  сайтында тіркелу өтіп,  6419 оқушы олимпиадаға қатысатыны белгілі болды.«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. I-кезең онлайн форматта өтеді.

Олимпиаданың І кезеңіне ғаламторға қосылған компьютер, планшет немесе смартфон арқылы тіркеліп (мектепте, үйде) 5-10 сәуір аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында тестілеуден өту қажет.

Тестілеу екі бөлімнен тұрады: логикалық ойлау, кеңістіктік ойлау. Тест 40 сұрақты қамтиды және шамамен 90 минутты құрайды.

Қосымша ақпарат алу үшін немесе сұрақтар туындаса 8 800 080 4848 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалуға болады (қоңырау шалу тегін).

Олимпиадаға дайындалу үшін https://ro.elumiti.kz. сайтында өткен жылдардағы тест тапсырмаларына дайындалуға мүмкіндік беретін тренажер жұмыс істейді.

Жобаға қатысушы 6-сынып оқушылары жеңімпаздарына еліміздің дарынды балаларға арналған мектептерінде: ҚР заңнамасында бекітілген квотаға сәйкес «Білім-Инновация» лицейінде, Республикалық физика-математика мектебінде, «Дарын» мамандандырылған мектебінде білім алуға мүмкіндік беріледі.