Брифинг

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көлеңкелі экономикаға қарсы жұмысының нәтижелері

Қаржы мониторинг органадарының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау болып табылады.

Осы аспектте Департамент қызметінің басым бағыты – көленкелі экономикаға қарсы күрес, атап айтқанда, көленкелі экономиканың саласында экономикалық қылмыстарды алдын алу, ашу және жолын кесу.

Аталған қылмыстардың түрлері баршаңызға мәлім – бұл акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын-сауық бизнесі, қаржы пирамидалары.

Сонымен қатар, көленкелі экономика қоғамының барлық салаларында болуына байланысты, көленкелі экономикаға қарсы күрес тек қылмыстарды ашу ғана емес екенің түсіну керек. Ол көленкелі экономиканың аз бөлігі.

2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, осы сөздерге дәлел.

Жоспармен экономиканың барлық салаларында төлеу және қаржы операциялардың ашықтығын арттыруға арналған шаралар көзделген: сауда-саттық, құрылыс, көлік, қаржы және тағы басқа салалары.

Қарапайым мысал: тауарды сатып алу кезінде чек бермеу тұтынушының қорғанысына залал мен көленкелі экономиканың өсіуне әсер беруде.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, көленкелі экономикаға қарсы күрес барлық қоғамның, мемлекеттік органдарының және әр азаматтың мақсаты.

Статистикалық мәліметтері бойынша, Жамбыл облысында көленкелі экономиканың үлесі 2022 жылда 25,2 пайыз құраса, 2023 жылдың нәтижесінде 2,1 пайызға азайып, 23,1 пайызды құрады.

Осы бағытта Департаментпен «Атамекен» өнірлік кәсіпкер палатысымен бірлесе отырып, тұрақты түрде (ай сайын) кәсіпкерлер мен уәкілетті органдар қатысуымен акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын-сауық бизнесі, қаржы пирамидалары тақырыптары бойынша домалақ үстелдер ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер, сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау облыстық департаменттерімен белсенді өз-ара әрекеттесу атқарылуыда.