Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тараз қаласы білім бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары

Тараз қаласы білім бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

«Тараз қаласы білім бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары»  тақырыбындағы өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг барысында мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, материалдық техникалық базаның нығайуы, қала оқушыларының қосымша біліммен қамтылуы, тәрбие бағыты, білім саласындағы жетістіктер мен жаңашылдықтар туралы айтылды.

Тараз қаласы  білім беру саласына 2024 жылы 71 млрд. 084 млн. теңге бөлініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға өскен.

Бүгінгі күні Тараз қаласында 115-і мемлекеттік мекемелер болса, 108-і жекеменшік білім беру ұйымдары. Білім беру ұйымдарына 108 мың 417 бала қамтылып (мектепте - 85 369, балабақшаларда - 23048), оған 10 мыңнан астам педагогтер  білім берді.

Білім алушыларды қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. 2023 жылы 2 мектеп  пайдалануға беріліп (№62, №64 ОМ),  «Барысхан», «Ұлы дала» жаңа алқап тұрғындары қолжетімді біліммен қамтамасыз етілді және оқушы орны тапшылығы бар бір мектептің мәселесі шешілді.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында "Бәйтерек", "Ұлы дала" мөлтекаудандары мен "Шөлдала" алқабында 4 мектеп құрылысы жүргізілуде.

2023 жылы жалпы қаражаты - 2 млрд. 123 млн теңгеге 7 мектеп пен 1 балабақша күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті (№28, 34, 40, 43, 44, 46, 48 ОМ мен №9 ББ). Қазіргі таңда 10 мекеме ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары қажет етіледі (№№1,5,8,13 (№19-ескі мектептің ғимараты, қосымша білім беру орталығын ашу),  №25,45,52,54 ОМ және №34 ББ). Аталған мекемелердің 8-інің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған (№№1,8,13,(№19-ескі мектептің ғимараты, қосымша білім беру орталығын ашу), №25,45,54 ОМ және №34 ББ). Оның ішінде 4 мектептің ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, нақты құны анықталды.

Білім беру мекемелерін материалдық-ресурстық жабдықтармен қамтамасыз етуге  1 млрд. 202  млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.

(5 физика, 5 биология, 6 химия, 2 ІТ, 3 ұлдарға арналған еңбек кабинеті, мектеп жиһаздары, қауіпсіздік құралдары-7 турникет, 40 интерактивті панель, оқулық) 

          Жалпы Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік  мектептердің ресми рейтингісіне Тараз қаласының №5 мектеп-гимназиясы мен №40 гимназиясы енді. Республикалық, халықаралық ғылыми жоба мен пән олимпиадаларында 50 жүлделі орын алып, алдыңғы жылмен салыстырғанда жүлдегерлер үлесі  14,2 пайызға артты.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар