Брифинг

Тараз қаласы білім бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

«Тараз қаласы білім бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстары»  тақырыбындағы өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг барысында мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, материалдық техникалық базаның нығайуы, қала оқушыларының қосымша біліммен қамтылуы, тәрбие бағыты, білім саласындағы жетістіктер мен жаңашылдықтар туралы айтылды.

Тараз қаласы  білім беру саласына 2024 жылы 71 млрд. 084 млн. теңге бөлініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға өскен.

Бүгінгі күні Тараз қаласында 115-і мемлекеттік мекемелер болса, 108-і жекеменшік білім беру ұйымдары. Білім беру ұйымдарына 108 мың 417 бала қамтылып (мектепте - 85 369, балабақшаларда - 23048), оған 10 мыңнан астам педагогтер  білім берді.

Білім алушыларды қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізілуде. 2023 жылы 2 мектеп  пайдалануға беріліп (№62, №64 ОМ),  «Барысхан», «Ұлы дала» жаңа алқап тұрғындары қолжетімді біліммен қамтамасыз етілді және оқушы орны тапшылығы бар бір мектептің мәселесі шешілді.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында "Бәйтерек", "Ұлы дала" мөлтекаудандары мен "Шөлдала" алқабында 4 мектеп құрылысы жүргізілуде.

          Жалпы Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік  мектептердің ресми рейтингісіне Тараз қаласының №5 мектеп-гимназиясы мен №40 гимназиясы енді. Республикалық, халықаралық ғылыми жоба мен пән олимпиадаларында 50 жүлделі орын алып, алдыңғы жылмен салыстырғанда жүлдегерлер үлесі  14,2 пайызға артты.