Жаңаарық ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы
- author Zhambylokq
- 2 сәуір, 2024
- 107
Әлеуметтік саласы бойынша округ аумағында жалпы 9 нысан қызмет жасауда. Атап айтқанда әкімшілік ғимарат-1, білім саласында-4, денсаулық сақтау -2, биотермиялық шұңқыр-1.
Жаңа оқу жылында мектептерге 303 оқушы барды. МАД сыныбына 22 бала барса, барлығы 26 сынып болып отыр.
Өткен оқу жылында мектеп бітірген 11 баланың 3-і «Алтын белгі» иегері атанды. Ақтоғай орта мектебін бітірген 8 баланың барлығы 100 пайыз жоғарғы оқу орындарының білім грантын жеңіп алды.
Спорт мектебінің үйірмелері жұмыс істейді. Сыздықбаев ауылында грек рим күресімен – 34 бала жаттықса, Ақтоғай ауылында бокстан 15 бала, волейболдан – 27 бала қамтылған. Өнер мектебінің бөлімшесі бар. Ұ.Сыздықбайұлы ауылы бойынша домбыраға – 16 бала, бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер үйірмесіне – 45 бала қатысады, Ақтоғай ауылынан домбыраға – 13 бала, бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер үйірмесіне – 28 бала қатысуда.
Сондай-ақ, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ауылдық клуб үйлеріне штат беріліп, арнайы үйірмелер ашылды. Ұ.Сыздықбаев ауылдық клуб үйіндегі ән үйірмесіне – 9 бала, Ақтоғай ауылдық клуб үйіндегі би үйірмесіне 14 бала қамтылды.
Округте 4 дүкен, бір кірпіш құятын цех жұмыс істейді. 2023 жылы Ақтоғай ауылынан шағын жазғы демалыс орны ашылды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында округте жалпы 2 кіші футбол алаңы, 2 спортзал бар, 2 стрит воркаут.
Асарлатын үй салу жобасы аясында, Ақтоғай ауылында бір үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен құны 5,0 млн теңге болатын ауыл мешітінің жанынан ас беретін нысан құрылысы салынды.
Сондай-ақ, «Жомарт жүрек» жобасымен Ақтоғай ауылындағы жаяу жүргінші көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді. Ұ.Сыздықбаев атындағы саябаққа жарық шамдары орнатылды.
Жел электр станциясының құрылысын жүргізген «GCD PARTNER» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен Ұ.Сыздықбаев ауылындағы Бүркітті өзеніндегі тоғанға жөндеу жұмыстары жүргізді.
Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Бүркітті өзенінен зиратқа баратын жолға көпір салып, жолын тегістеп берді.
Елді мекендерді газдандыру жобасы аясында Сыздықбаев және Ақтоғай ауылдарына газ тарту жұмыстарының құрылысы аяқталатын болады.
Ақтоғай ауылының ауыз су жүйесін 328,0 млн теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы ауылдық округ «Ауыл аманаты» жобасына енгізіліп, несие алу жұмыстары жүргізілуде. 123 адам 438,0 млн теңге несие алады деп жоспарланған. Бүгінгі күні 137 адам 824,2 млн теңгеге құжат өткізді. Бүгінгі күнге 98,6 пайызы несие алды. Қалған азаматтар алдағы уақытта алатын болады.
2023 жылы жұмыспен қамту шаралары бойынша 32 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 64 адам уақытша жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыспен 26 адам және Жастар тәжірибесімен 2 адам қамтылды. Бастау-бизнес жобасымен 11 адам оқып сертификат алса, оның ішінде 5 адам 400 АЕК дейін қайтарымсыз қаржы алды.
Жел электр станциясының құрылысына 30-ға жуық ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды.