Сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Жамбыл облысы бойынша 371 қала мен елді мекеннің (оның ішінде 4 қала және 367 елді мекен) қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілген.
Елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қажеттілігіне қарай түзету енгізу жұмыстарын жүргізу үшін, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетімен келісу арқылы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 2023 жылға жалпы 31 елді мекеннің бас жоспар жобаларына түзетулер енгізіді.
Оның бірі, Тараз қаласының 2010 жылы бекітілген бас жоспар жобасына түзету енгізу жұмыстары аяқталып, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы №44 қаулысымен бекітілді.
Аудандар бөлінісі бойынша:
Байзақ ауданы – Сарыкемер ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы; Т.Рысқұлов ауданы - Өрнек, Жақсылық, Қазақ, Тасшолақ, Жалпақсаз, Қарақыстақ елді мекендері; Меркі ауданы - Мыханды, Тұрлыбай батыр, Сыпатай, Мыңқазан, Қазах Дихан, Ойтал; Жамбыл ауданы – Тастөбе, Құмтиын, Қоңыртөбе, Жаңаөткел, Бәйтерек, Шоқай, Ащыбұлақ, Ерназар елді мекендері; Қордай ауданы – Масаншы, Бәйтерек, Шарбақты елді мекендері; Сарысу ауданы – Жаңатас қаласының бас жоспар жобасы, және (Бүркітті және 5 «А» тұрғын алқаптарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары); Мойынқұм ауданы – Хантау, Құмөзек, Қарабөгет елді мекендері; Талас ауданы – Көшек батыр ауылдарының бас жоспар мен оңайландырылған сызбаларына жобалау жұмыстары аяқталып, басқарманың «Техникалық Кеңес» мәжілісінде қаралып, аудан әкімідігі тарапынан бекітілді.
Сонымен қатар, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тапсырмасымен, облыс көлемінде өзгерістер мен түзетулерді қажет ететін елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қатысты, Жол картасына сәйкес, 2024 жылға жоспарланған Тараз қаласы бойынша тұрғын алқаптар мен көшелердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және Жуалы, Меркі, Қордай, Сарысу, Т. Рысқұлов, Талас аудандарына тиесілі жалпы 48 елді мекеннің қала құрылысы жобаларына өзгерістер мен түзетулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге, 93 нысанның ішінен (Тараз қаласы - 11 нысан ; Байзақ - 6 нысан; Жамбыл - 2 нысан; Жуалы - 5 нысан; Қордай – 3 нысан; Меркі - 3 нысан; Сарысу - 5 нысан; Т. Рысқұлов – 5; Талас - 1 нысан және Шу - 3 нысан) аудандары тарапынан 44 нысанға шара қолданылған.
38 сауда дүңгіршектерінің құжаттары рәсімделген.
Қалған, 11 нысанды мамыр айында толық аяқтау көзделуде.
VII.Үлестік құрылыстар туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылдың 30 мамырдағы №97 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» №486-V ҚРЗ Заңының 6 бабына сәйкес, толықтырулар енгізілді.
Бүгінгі күнде, Жамбыл облысы бойынша жеке қаржыландыру есебінен 21 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Үлескерлердің ақшасын тарту мақсатында, «Hamilton park» ЖШС-і мен «BAITEREK GROUP» ЖШС-і тарапынан, Басқармаға өтініш түсіп, екі рұқсат құжаты берілді.
Бүгінде, үлестік қатысуы бар екі құрылыс нысаны яғни, «Hamilton park» және «Бәйтерек» тұрғын үй кешендері бойынша, проблемалық мәселелер жоқ.
Қалған, тұрғын үй кешендері бойынша үлескердің ақшасын тартуға рұқсат құжатын алу үшін, өтініш түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын салу барысында, «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алмай, әлеуметтік сайттарда көппәтерлі тұрғын үйлерді сату бойынша жарнамалау жұмыстарын жүргізген жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 320 бабына сәйкес, сот органының шешімімен айыппұл салуға алып келеді.
Осыған орай, келесі компанияларға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 320 бабына сәйкес, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы №20/1 «Tulip Residence» тұрғын үй кешені бойынша «AYNA Group» ЖШС-не (1 035 000 тг), Тараз қаласы, С.Нұрмағанбетов көшесі №18 «Болашақ» тұрғын үй кешені бойынша «Saulet Alem» ЖШС-не (1 035 000 тг), Тараз қаласы, Қапал көшесі №62/1 «Hamilton park» тұрғын үй кешені бойынша «Hamilton park» ЖШС-не (724 500 тг) жалпы сомасы 2 794 000 тг айыппұл салынды.
Қалған көпқабатты тұрғын үйлер бойынша, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары бұзылмаған.