Жамбыл облысындағы су тасқыны кезеңі туралы
Бүгін өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің базасында Жамбыл облысының аумақтарында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге қатысты брифинг өтті.
Жамбыл облысында жағдай тұрақты. Облыс аумағында елді мекендерді, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың су тасуы тіркелген жоқ.
Облыста су тасқыны кезеңін штаттық режимде өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары және кезекшілік кестесі бекітілді.
Анықтама: «Қазгидромет» деректері бойынша облыс аумағында топырақтың қатуы байқалмайды. Таулы аудандарда қар жамылғысының деңгейі 5-10 см құрайды, ал облыстың қалған аудандарында қар жамылғысы жоқ.
Сәуір айына арналған ауа-райы бюллетеніне сәйкес аймақта ауа температурасының жоғарылауы, жауын-шашын нормадан көп болуы болжануда.
Облыс аумағындағы су қоймаларының жұмысына, оның ішінде шекаралас орналасқан «Шоң-Қақпа» (Киров) су қоймасынан судың тасталуына тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Анықтама: Қырғыз Республикасының ақпараты бойынша а.ж. мамыр айында «Шоң-Қақпа» (Киров) су қоймасынан судың тасталуы күтілуде.
Облыс аумағында 141 гидротехникалық құрылыстар, оның ішінде республикалық меншігінде – 18 (6-су қойма, 1-бөгет, 11-су торап), коммуналдық меншігінде – 115 (76-су қойма, 1-бөгет, 38-тоған), жеке меншігінде – 8 (2-су қойма, 6-тоған) орналасқан.
Бүгінгі таңда ірі су қоймаларының толымдылығы жобалық көлемнен келесі пайызды құрайды, Тасөткел – 94%, Теріс-Ащыбұлақ – 97%, Ынталы – 97%, Ақкөл-25%, Қарақоңыз - 99%, Бүркітті – 47%, Қақпатас – 100%, Шоң-Қақпа (Киров)-81%.
Барлық су қоймалардың жалпы толымдығы 77% құрайды.
Сондай-ақ, су басу қаупі кезінде халыққа іс-қимылдарын түсіндіру бойынша үгіт-насихат ұйымдастырылуда.
Облыс аумағындағы каналдарын, дренаж каналдарын, арық желілерін және су өткізу құрылғылары тазартылды.
Анықтама: Өңірдің елді мекендерін су басуын алдын алу мақсатында 3500 м3 тонна қар шығарылды, 1790 шақырым канал, 1833 шақырым арық, 437 шақырым дренаж жүйесі, 946 су өткізу құрылыстары тазартылып, елді мекендердің айналасында 10 шақырым үйінді жасалды.
Сондай-ақ, су басу қаупі ықтимал 42 елді мекеннің 34-нен қауіп алынды, 2-уі (Байзақ ауд. Сарыкемер ауылы және «Здоровье» саяжай алабы) төмендетілді, ал 6 елді мекеннің (Жамбыл ауданы: Жасоркен ауылы, Қызылқайнар ауылы, Байзақ ауданы: Талас ауылы, Қазпоселок ауылы, с. Түймекент және Тараз қаласы Тектұрмас учаскесі) су басу қаупі «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасына сәйкес қауіпі жойылады.
Бүгінгі таңда өңірде су тасқының алдын алу және жою мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп, 1927 адам, 437 техника, 19 жүзу құралы, 132 мотопомпа, халықты эвакуациялауға және жеке құрамды тасымалдауға арналған 48 жолаушылар көлігі дайын.
Анықтама: 6 900 тонна инертті материал, 16 140 тонна жанар-жағармай, 31 200 дана қап қажетті резерві құрылып, 396 зардап шеккен халықты қабылдау пункті, 32 шатыр, 890 төсек-орын, 460 кереует дайындалып, тамақтандыру бойынша 58 келісім жасалды.
Төтенше жағдайлар орын алған Ақмола өңіріне көмекке облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 57 жеке құрам мен арнайы құралдары жіберілді (7 бірлік күштер мен құралдар тобы, 13 мотопомпа және 3 үрлемелі қайық).
Аталған мәселе тұрақты бақылауда.