Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстары туралы

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстары туралы
ашық дерек
Мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті брондаудың жаңа әдісі

Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға «ХҚКО» қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен. Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады.

Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан кейін «ХҚКО» қосымшасы арқылы тәжірибелік емтиханға кезекке жазыла алады.

Бейне қоңырау арқылы кезекке тапсырыс беріп қана қоймай, жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін де бере алады. Оның ішінде медициналық анықтама, қызмет алушының фотосуреті, қойылған қолының үлгісі, автомектепті аяқтаған болса, оқығаны туралы анықтама, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек бар. Барлық құжаттар диалогтық терезеде тіркелуі керек.

Айта кетер болсақ, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болады. Осы күні оны 350 мыңға жуық қолданушы орнатып үлгерген.

 

2024 жылдың І тоқсанында Жамбылдықтар VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсады?

2024 жылдың І тоқсанында мамандандырылған ХҚКО 235 жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 74 млн. теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2023 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 67 млн. теңгеден асқан.

Еске сала кетсек, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

2024 жылы 010, 077, 080, 707, 800, 888 және 777 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (210 444 теңге) құрайды.

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (1 052 220 теңге) тұрады.

Жалпы, І тоқсанды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімімен  43 мың. астам көлік тіркелді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар