Жаңартылған энергия көздері туралы
Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) дамыту бойынша күн, жел және су арқылы электр энергиясын салуға барлық жағдай жасалған.
Сондықтан осы бағытта Жамбыл облысы көбірек инвестициялардың назарын аударады.
Жаңартылатын энергия көздері нысандары облыста 2010 жылдан бері дамып келеді, атап айтсақ:
2010 жылы қуаты 2 МВт құрайтын 2 ЖЭК нысандары пайдалануға берілсе, 2015 жылы қуаты 114 МВт құрайтын 9 нысан, 2021 жылы қуаты 387,8 МВт құрайтын 17 нысан, 2022 жылы қуаты 451,3 МВт құрайтын 21 нысан және 2024 жылы қуаты 551,3 МВт құрайтын 22 нысанға жеткізілді.
Қазақстанда барлығы 2 883,5 МВт қуаттылығымен 146 жанартылатын энергия көздері нысандары жұмыс істейді.
Бұл ретте Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарлардың бірінде.
2024 жылдың 3 айында 214,7 млн. кВт/сағ. электр энергиясы өндірілді.
Жоғарыда айтылғандай ЖЭК нысандарының облыста өте жоғары қарқында дамып келуде.
Соңғы 3 жылдың ішінде облыста бір қатар ірі және кіші қуаттағы жобалар іске асырылды.
Атап айтқанда, 2021 жылы өңірдегі ірі жобалардың бірі құны 49 млрд. теңге құрайтын қуаты 100 МВт «Жаңатас» жел электр станциясы пайдалануға берілсе, қуаты 9,2 МВт құрайтын «Тасөткел» су қоймасындағы су электр станциясының 2-ші кезегі іске қосылды.
2022 жылы Жамбыл ауданындағы қуаты 50 МВт «AEC ASA» күн электр станциясы және Талас ауданында жалпы қуаты 13,5 МВт құрайтын «Шенгелді», «Шенгелді-2» және «Новатэкс ЖЭС» 3 жел электр станциясы (әр қайсысының қуаты 4,5 МВт) жобасы іске асырылды.
2024 жылдың қаңтар айында Сарысу ауданында жалпы қуаты 100 МВт құрайтын «Шоқпар ЖЭС» электр станциясы жобасының құрылысы аяқталып іске қосылды.
Облыстың ЖЭК нысандарын салуға қолайлы болуына байланысты алдағы жылдары облыста 3 ірі жобаларды іске асыру көзделуде. Атап айтқанда:
Мойынқұм ауданында «Total Eren» ЖШС тарапынан қуаты 1 ГВт құрайтын жел электр станциясы, Сарысу және Талас ауданында Masdar (БАӘ) компаниясы тарапынан қуаты 500 МВт жел электр станциясы, Сарысу ауданында China Power International Holding Limited компаниясы тарапынан қуаты 500 МВт жел электр станциясы жобаларын іске асыру көзделуде.
Сонымен қатар, өңірде күн, жел және су электр станцияларын орналастыру әлеуетін ескере отырып, 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерін дамытудың болжамды картасы әзірленген.
Жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің саны 2,5 гигаватт қуатымен 28 нысанға дейін жеткізілетін болады. Жалпы алғанда, белгіленген барлық жобаларды іске асыру экологияға зиян келтірмей, өңірді сапалы электрмен жабдықтауға және облысты «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.