2024 жылдың 3 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы
Басқармамен 2024 жылдың 3 айында еңбек жағдайларының ахуалын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында басқарманың бақылауды жүргізу кестесіне сәйкес 6 мекемеде профилактикалық бақылау жүргізілді.
Нәтижесінде 50 бұзушылықтар анықталып, жұмыс берушілерге 6 нұсқама берілді.
Бүгінгі таңға анықталған бұзушылықтардың 50 жойылып, 1806 жұмыскердің құқықтары қорғалды.
Сондай ақ, еңбек инспекторларымен жыл басынан бері барлығы 207 жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдары қаралып, 47 тексерістер ашылып, 72 еңбек заңнамасының бұзу фактілері анықталды.
Тексерістердің қорытындысымен жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 19 нұсқама беріліп, 10 мекемеге қатысты әкімшілік шара қолданылды, жалпы 1 199 900 теңгені құрайтын 8 айыппұл салынды.
Нәтижесінде 56 еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылып (оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша 43, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты 12, халықты жұмыспен қамту 1), 1826 жұмыскердің құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, бейресми жұмыспен қамтылған 590 жұмыс берушідегі 1676 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылып, көлеңкелі экономикадан шығарылды.
Облыстық 40 еңбек ұжымдарында 485 жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жыл басынан жеке қабылдауда облыстық 60 тұрғынға еңбек заңнамаларымен консультативтік кеңестер берілді.
Одан бөлек, 40 іс-шара ұйымдастырылып бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы 57 ақпараттық мақалалар жарық көрді.