Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Бірыңғай иммундау апталығы. АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу

Бірыңғай иммундау апталығы. АПВ-ға қарсы вакцинацияны енгізу
ашық дерек
2024 жылғы 24-30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде Жамбыл облысында Иммундаудың бірыңғай апталығы (ИБА) өтуде.

 

Бірыңғай иммундау апталығының мақсаты – халықтың денсаулығы мен салауаттылығының жоғары деңгейіне ұмтылу, олардың денсаулығын шыңдау және қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жетістікке жету.

Қазақстан Республикасында екпе, қатаң түрде, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен бекітілген, Ұлттық профилактикалық егулердің күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Күнтізбе профилактикалық егулерді жүргізу мерзімдері мен тәртібін белгілейді.

Бүгінгі күні күнтізбеге туберкулезге, В гепатитіне, дифтерияға, көкжөтелге, қызылшаға, қызамыққа, полиомиелитке, сіреспеге, эпидемиялық паротитке, пневмококқа, гемофильді инфекцияға және тұмауға қарсы егулер енгізілген.

Екпенің арқасында иммундық жауап қалыптасады, сондай-ақ, соған ұқсас –  инфекциямен ауырғанда қалыптасады, бірақ инфекциямен ауырғаннан кейін адамды асқынуларға, кейде өлімге әкеліп соқтырады. 

Қазіргі уақытта иммундау, жыл сайын дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты аурулардан болатын 3,5-5 миллион өлімнің алдын алуға мүмкіндік береді.

Вакцинамен алдын алу тек балаларға ғана қатысты емес. Еересектер де инфекциялардан қорғану үшін егілуі тиіс.

Жұқпалы ауру біздің әрқайсымызда, балада немесе ересек адамда болуы мүмкін. Егде жастағы адамдарда да, балалар сияқты, белгілі бір инфекцияны жұқтырып, кейде өмірге сәйкес келмейтін ауыр асқынуларға ұшырау қаупі жоғары.

Вакцинациядан бас тарту арқылы сіз балаңызды қорғаудан айырып қана қоймай, басқа балаларға қауіп төндіресіз, сонымен қатар қоғамда жұқпалы аурулардың таралуына ықпал етесіз.

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар