Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Тараз қаласының аумағында Жамбыл облыстық жедел штабымен терроризмге қарсы «Тараз-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өтуде.
Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористтік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты сіздерден жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес бойынша Жамбыл облыстық жедел штабы