Жаңалықтар

ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНАН 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Статистика бойынша, әлемде жыл сайын 600 мың әйелге жатыр мойны обыры диагнозы қойылады. Оның 340 мыңға жуық әйел қайтыс болады.

Ал Қазақстанда жыл сайын 2 мыңға жуық әйелге қауіпті диагноз қойылып,  500-ден астам әйел аталған ауруды жеңе алмайды. 
Жамбыл облысында былтыр 99 әйелден дерт анықталса, 21 адам қайтыс болған. Жыл басталғалы 21 оқиға тіркеліп, 7 адам обырдан қайтыс болған. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде 
 Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау департаменті басшысының орынбасары Муликова Неили хабарлады.