Қызыларық ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2023 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 6 163 гектар егістік жерге егін егіліп, жоспар 100% орындалды. 2023 жылы мемлекеттік субсидия бойынша округтегі шаруа қожалықтар 91 009 271тг алды, атап айтқанда сүт бағытына 22,5 млн. тг, минералды тыңайтқыштарға 48,6 млн. тг, элиталы тұқымға 7,3 млн. тг және малдарды асылдандыру 12,4 млн. тг субсидия алды.
Инфрақұрылымды дамыту аясында:
1.2023 жылы Сұрым ауылының үстінгі бөлігіне 40,0 млн. тг. 60 үйге орталықтандырылған ауыз су жүйесі кіргізілді. Жалпы округ бойынша 274 аула 100% таза ауыз су пайдаланып отыр.
2. 2024 жылы округке қарасты Сұрым ауылына 115,2 млн. тг. 5 адамға арналған медициналық пункт салынды.
Ауыл ішілік жолдарды жөндеу бойынша
3.Аудандық бюджеттен 20,0 млн. теңгеге Сұрым ауылы Т.Абдырасыл көшесіне асфальт төселінді.
«Ауыл аманаты» жобасының 2-ші бағыты ауылдағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша 617 700 000 тг бөлінген. Осы бағыты бойынша 2023 жылы 113 адам құжатын тапсырып, бүгінгі күнге 97 адам 617,7 млн. тг. несие алды. Алынған мал саны МІҚ 656 бас, жылқы 491 бас және уақ мал 3325 бас.