Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 192 699 ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ БАРАДЫ

Жамбыл облысында 1-10 сыныптар аралығындағы 192 699 оқушыны жазғы демалыс және сауықтырумен қамту жоспарлануда

Оның ішінде 7454-і көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 660 млн. теңгеге жуық қаражат қарастырылған. 

Биыл өңір бойынша 8 жазғы лагерь жұмыс істейді. Оның 1-і жыл бойы жұмыс істейтін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы. 7-і мемлекеттік. 
Бұл туралы Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.