- жыл 2024 жыл
- 51 123 бас МІҚ - 44 930 бас МІҚ;
- 370 357 бас МҰМ - 363 021 бас МҰМ;
- 21 534 бас Жылқы - 24 264 бас Жылқы;
- 52 бас түйе - 54 Түйе;
- 2 786 бас Шошқа - 1 997 бас Шошқа.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2024 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарына сәйкес орындалуда.
Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 2024 жоспар бойынша 2 308 650 манипулция, 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері жоспар бойынша 666 410 манипуляция (вакцинация) жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.
Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында, 151 210 (МІҚ – 21 288, МҰМ – 127 172, Жылқы – 1850, Шошқа – 400, Ет қоректілер – 500) ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді.
Нәтижесінде МҰМ 24 бас малдардан оң нәтиже анықталып, ауру жануарлар «ИП Рамазан» мал сою пунктіне өткізіліп, қайта өңдеуге жіберілді. МІҚ 5 бас санитарлық- сойылуға жіберілді.
Зертхана қорытындысымен оң нәтиже берген жануарлар Ережеге сәйкес 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жақ немесе сауыр аймағында "Б" әріпін таңбалау әдістерімен белгілеп, уәкілетті орган қатысуымен құрылған комиссиямен оқшауланып және санитариялық союға жіберіліп, әрі қарай қайта өңдеу цехтеріне өткізіледі.
Жамбыл ауданында бірдейлендіру жұмыстары бойынша 63 859 (МІҚ 8 536, МҰМ 53 483, Жылқы 1 718, Түйе 8, Шошқа 114) бас ауыл шаруашылық жануарлары бірдейлендірілді.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заңы аясында, ит аулау жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда «Жамбыл 109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімшіліктерінен келіп түскен өтініштерге сәйкес, 2024 жылы 817 (ауылдық округ -587, iKomek109 -230) бас жабайы қаңғыбас ит-мысықтар ауланды.
Жамбыл ауданы, Аса ауылы аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша күтіп - ұстауға арналған орынының құрылысы аяқталып жұмыс жүргізілуде. 28 ит, күшік уақытша ұстау орнына қойылып залалсыздандырылды.
Кәсіпорынның теңгерімінде:
- 17 дана «НИВА» автокөлігі,
- 1 дана ДУК машинасы,
- 1 дана «УАЗ»,
- 1 дана «Ssang Yong»,
- 1 дана УАЗ Патриот жалпы 21 дана автокөлік бар.
Ауылдық округтерде жалпы 121 (53 жоғары, 40 орта кәсіптік, 28 орта білім) ветеринариялық маман жұмыс атқарады.
Ветеринариялық бекеттермен қамтылуы бойынша:
Қазіргі таңда 17-і ауылдық округтің 16-ы ветеринариялық бекеті мал егу, емдеу орынымен қамтылып, 1-і әкімшілік ғимаратында орналасқан.
Ауданда мал өлекселерін тастайтын КМК-ның теңгерімінде 9 биотермиялық «Беккери» шұңқыры бар.
Жамбыл ауданы аумағында 7 елді мекенде 9 сібір жарасы ошақтарының көмінділері орналасқан.
Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған, бетондалған, тақтайшаларда аурудың тіркелген жылы, айы жазылған. Тұрақты дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Қолдан ұрықтандыру
Жамбыл ауданында «Ауыл аманаты» жобасына енген Қаракемер және Өрнек ауылдық округтерінің ірі қара малдарын асылдандыру мақсатында, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен 2023 жылы 279 (Өрнек-200, Қаракемер-79) бас ірі қара малдарына «Симментал» тұқымдарының ұрықтары алынып, жұмыстар жүргізілді. 2024 жылы Өрнек ауылдық округінен 115 төл, Қаракемер 17 төл алынып, қалған төлдер күтілуде.
Ағымдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар 17 ветеринариялық пункттердің ветеринар мамандарымен өз деңгейінде атқарылуда. Жамбыл ауданында эпизоотиялық жағдайы тұрақты.