Жамбыл ауданында эпизоотиялық жағдай қалай?
Жамбыл ауданы аумағында 17 ауылдық округта 42 елді мекен орналасқан. Қазіргі таңда, Жамбыл ауданының 2023 жылмен 2024 жылдың салыстырмалы түрдегі мал саны.
- жыл 2024 жыл
- 51 123 бас МІҚ - 44 930 бас МІҚ;
- 370 357 бас МҰМ - 363 021 бас МҰМ;
- 21 534 бас Жылқы - 24 264 бас Жылқы;
- 52 бас түйе - 54 Түйе;
- 2 786 бас Шошқа - 1 997 бас Шошқа.
- 17 дана «НИВА» автокөлігі,
- 1 дана ДУК машинасы,
- 1 дана «УАЗ»,
- 1 дана «Ssang Yong»,
- 1 дана УАЗ Патриот жалпы 21 дана автокөлік бар.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2024 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарына сәйкес орындалуда.
Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 2024 жоспар бойынша 2 308 650 манипулция, 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері жоспар бойынша 666 410 манипуляция (вакцинация) жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.
Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында, 151 210 (МІҚ – 21 288, МҰМ – 127 172, Жылқы – 1850, Шошқа – 400, Ет қоректілер – 500) ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді.
Кәсіпорынның теңгерімінде:
Ауылдық округтерде жалпы 121 (53 жоғары, 40 орта кәсіптік, 28 орта білім) ветеринариялық маман жұмыс атқарады.
Ветеринариялық бекеттермен қамтылуы бойынша:
Қазіргі таңда 17-і ауылдық округтің 16-ы ветеринариялық бекеті мал егу, емдеу орынымен қамтылып, 1-і әкімшілік ғимаратында орналасқан.
Ауданда мал өлекселерін тастайтын КМК-ның теңгерімінде 9 биотермиялық «Беккери» шұңқыры бар.
Жамбыл ауданы аумағында 7 елді мекенде 9 сібір жарасы ошақтарының көмінділері орналасқан.
Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған, бетондалған, тақтайшаларда аурудың тіркелген жылы, айы жазылған. Тұрақты дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырады.