Жаңалықтар

Сарыбұлақ 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бақтияр Әбенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте 4 айдағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Оның айтуынша, халық саны – 7860 адам, аула саны – 1278. Жер көлемі 27 967 га, егістік – 16 839 га, жайылым жерлер – 49 86 га. 2023 жылы 3 437 га күздік бидай себіліп өнімділіге әр га-дан 6 центнер  айналды , 2 669 га жерге жаздық арпа себіліп әр га дан 6 центнер  алынды. Сонымен қатар  1 229 га жерге жүгері , 17 га жерге картоп , 280 га жерге көкөністер  және 3 790 га жерге   көпжылдық шөп егілді.


2023-2024 жылдары «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға жалпы 388,8 млн. теңгеге  75  ауыл тұрғындарына 2,5%-бен несиеле берілді. 
Сонымен қатар, Сарыбұлақ ауылдық округінде ауыз су құбырын  жүргізу жұмыстары 90% аяқталды. Қайнар ауылына да жақын арада ауыз су берелді,-деді ауыл әкімі.