25 мамырда шетел азаматтарына көші-қон желісі бойынша кейбір қызметтер қолжетімсіз болады
Құзырлы органның тарапындағы ақпараттық жүйелерде жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сенбі күні шетелдік азаматтарға кезекші ХҚКО-лар мен көші-қон қызметтері орталықтарында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Сондықтан, 25 мамыр күні келесі мемлекеттікқызметтер қолжетімсіз:
- Қазақстан Республикасында уақытша болатыншетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жекесәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;
- Еңбекші иммигрантына рұқсат беру, мерзімінұзарту және кері қайтарып алу;
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарғаҚазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатберу.
Бұл қызметтерді көрсету 27 мамырда қайтажанданатын болады.