Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасеновті қабылдады
Асхат Хасенов компанияның биылғы бірінші тоқсанда атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берді:
▪️«ҚазМұнайГаздың» көптеген негізгі көрсеткіштер бойынша былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өсімге қол жеткізгені жөнінде баяндады;
▪️ ірі инвестициялық жобалардың, соның ішінде Жаңаөзенде гибридті электр станциясын және Атырау облысында қуаты 1,25 миллион тонна болатын полиэтилен өндіру зауытын салу, мұнай-химия кластерін дамыту, Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеру барысы жайында айтты;
▪️компанияның 2023 жылы іске қосылған газ кен орындары, сондай-ақ қорларды толтыру және мұнай өндіру деңгейін сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан геологиялық барлау жұмыстары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» Қызылорда облысындағы Торғай палеозой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр ұңғыма және Каспий теңізіндегі Абай учаскесінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуді көздейді;
▪️әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты атқарған жұмыстары туралы айтты.