Жаңалықтар

Оқу жылы қалай қорытындыланды?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Нұрғалиұлының қатысуымен баспасөз конференциясы  өтті.

 

«2023-2024 оқу жылының аяқталуы»  тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Брифинг барысында оқу жылының аяқталуы 9, 11, сынып оқушыларының емтихандары, ҰБТ, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымастыру, жазғы шомылу маусымы, қала сыртындағы лагерьлер туралы айтылды.

Жалпы облыста 2023-2024 оқу жылын 586 мектепке дейінгі,  506 орта білім беру,  42 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде 400 мыңнан астам оқушылар, студенттер мен тәрбиеленушілер аяқтады, оның 12 мыңнан астамы мектеп түлектері.

9-сыныпты – 22867 оқушы аяқтайды.  Қорытынды аттестаттау                9 (10) сынып оқушылары арасында 29 мамыр  – 10 маусым аралығында жүргізіледі.

9-сыныпты бітіретін оқушының 1598-і үздік аттестатқа  үміткер.

11-сыныпты – 12121 түлек аяқтайды.  Қорытынды аттестаттау               11 сынып бітірушілері арасында 28 мамыр  – 11 маусым аралығында жүргізіледі.

Барлық емтихандар оқу орнында – мектептерде өтеді.

«Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын (ана тілі мен математика) облыстық білім басқармасы жанынан құрылған комиссия қарайды.

388 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төс белгісіне  үміткер (2022 жылы – 305).

816 мектеп бітіруші үздік аттестатқа  үміткер.

Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.

Облыстық полиция департаментімен бірлескен жоспарға сәйкес полиция бөлімдерімен бірлесе жүргізілетін рейдтік іс-шаралар түлектерге аттестат тапсыру кезінде және  20 маусымға дейін жалғасады.

Жамбыл облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 2024 жылы қала сыртындағы 7 жазғы сауықтыру лагерьлері қызмет көрсететін болады. Оның 4 мемлекеттік («Балауса», «Жұрындысай», «Жулдыз», «Мөлдір бұлақ»), 1 сенімгерлік («Болашақ»), 2 жекеменшік («Берікқара» «Тау самалы») сауықтыру лагерьлері.

Лагерьлер оқушыларды 1 маусымнан бастап қабылдайды. Барлығы 7454 баланы жазғы лагерьмен қамту жоспарлануда.

Сол сияқты, 405 мектеп жанындағы тамақтандырумен ұйымдастырылатын лагерь 36 259 баланы, 430 мектептің демалыс алаңдарында мектеп аумағын көгалдандыру, абаттандыру, экологиялық және т.б. топтарда 28 000-ға жуық бала, түрлі бағыттағы экскурсиялармен 23 000 бала, мектептегі және мектептен тыс үйірмелерде 103 000-нан аса бала және дебаттық, пәндік олимпиадаларға дайындық жүргізіп, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің белсенді топтарына 19 000 аса балалар шұғылданатын болады. Жалпы балалардың жазғы уақытын қызықты және тиімді өткізуге 193 000-нан аса баланы қамту жоспарлануда.