Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Өңіріміздегі экотуризмді дамыту

Өңіріміздегі экотуризмді дамыту
ашық дерек
Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм өте қарқынды дамып, кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралына айналған.

Экологиялық туризмнің дамуы бірінші кезекте жабайы табиғатты сақтауға, экологиялық білімді жетілдіруге және келешек ұрпақты тәрбиелеуге, халықтың табысының және өмір сүру деңгейінің жоғарлауына ықпал етеді, бұл өз кезегінде Жамбыл облысының көркеюі мен тұрақты дамуына мүмкіндік береді.

Облыста экологиялық туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.

Атап айтқанда, Жуалы («Берікқара» қаумалы), Меркі («Меркі» қаумалы), Қордай («Қарақоңыз» қаумалы) аудандарында орналасқан қаумал аумақтарында экотуризмді дамыту мақсатында жер телімдері  жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беріліп, ол жерлерде заң талаптарына сәйкес туристік аймақтар ашылуда.  

Сонымен қатар, осы жылы 50 оқушы қатысқан ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтарға арнайы нұсқаушылардың қатысуымен танымдық турлар ұйымдастырылып, өткізілді.

Ағымдағы жылы 50-ге жуық жоғары сынып оқушылары мен колледж білімгерлерінің қатысуымен, Мақпал шатқалында тауға өрмелеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша облыс альпинистері практикалық сабақтар өткізді.

Меркі, Жуалы және Жамбыл аудандарының  таулы аймақтарында 40-қа жуық адамды қамтыған эко-акциялар ұйымдастырылды. Оған жоғары сынып оқушылары мен мемлекеттік мекеме ұжымдары қатысты.

Тау шатқалдарында 10 туристік соқпақ зерттеліп әзірленді.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап облыстық және республикалық деңгейлерде қызғалдақ гүлін қорғау және насихаттауға арналған фестиваль өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін бұл іс шараға 70-ке жуық туроператор және 5 шетелдік ғалым қатысқан. Нәтижесінде, өңірімзіге тек қызғалдақты тамашалауға келуші туристер саны осы жылдың өзінде 2000 адамнан асты. Облыстың экологиялық тұрғыдағы көрнекті орындары туралы, қоршаған ортаға залал келтірмеу, әсіресе қызғалдақ гүлі өсетін табиғи аумақтарды сақтау мәселелері көтерілген  «Қызғалдақтар - Мұра» атты деректі фильм түсірілді.

Алдағы уақытта осы бағыт бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар