Жаңалықтар

Мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру платформасы

Жамбыл облысында «Мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 2021 ж. бастап бүгінгі күнге дейін бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Аталған бағдарламасы бойынша «Тараз-Арена» спорт сарайы 2021 жылы тамыз айында жұмысын бастады. Кәзіргі таңда спорттың 9 түрінен (жүзу, таеквондо, көркем гимнастика, футзал, баскетбол, греко-рим күресі, дзюдо, бокс, классикалық воллейбол) секиялар ашылған. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап спорттық би секциясы әр-түрлі жағдайға байланысты жұмысын тоқтатты. Балларға спорттпен шұғылдануға спорт сарайында барлық жағдай жасалған, спорт залдары спорттық құралдармен жабдықталған. Секциаларға қатысу 2 аусымда жүреді (түске дейін және түстен кейін). 2024 жылдың қаңтар айынан «Мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру» бағдарламасы ArtSport платформасынан DamuBala платформасына ауысты.

Дегенмен, DamuBala платформасы Республика бойынша қаржыландыруы белгісіз себептермен тоқтап тұруына байланысты, қәзіргі таңда кезекте тұрған 320 балаларға ваучер беріліп жатқан жоқ.

АrtSport бойынша осы уақытқа дейінгі тіркелген 678 балалармен жұмыс жасап келеміз.

 Бұқаралық спортты мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында дамыту, жоғарғы спорт жетістігіне жеткізу және спорт резервін дайындау – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы алдында тұрған ең маңызды мемлекеттік міндет болып табылады.  

Секцияларға тіркелу үшін келесі қадамдарды жасау қажет:

• DamuBala.kz сайтына ата-ана ЭЦП кілтімен тіркелу қажет.

• Жеке кабинетте "Менің балаларым" қойындысында ата-ана баласын балалар тізіміне қосуы керек.

• "Секция таңдау" қойындысында қалаған секцияны таңдап, кезекке тұрады.

Кезегіңіз келген саттен бастап 10 жұмыс күн ішінде келесі құжаттарды жинап акелу қажет:

• Ата-ана жеке куәлігінің көшірмесі

• Баланың туу туралы куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі

• Мектептен анықтама суретімен

• 3х4 сурет

• №27 және №37 формадағы мед.анықтама

• Өтініш толтыру.

 

2021 жылы бағдарлама ашылған кезде 6 спорт түрінен секциялар жұмыс жасап, жүзу бойынша - 5 нұсқаушы, таэквондодан – 1, грек-рим күресі – 2, дзодо – 1, спорттық би – 1, бокс – 1 жаттықтырушылар 29 745 533 теңге Тараз-Аренаға табыс әкелді. Барлығы жаттыққан балалар саны – 574 болды.

2022 жылы – 60 645 214 теңге табыс келіп, балалар саны - 345 болды.

Ал, 2023 жылы жаңадан 9 спорт түрлері және басқа да жаттықтырушылар қосылып, Тараз-Аренаға  114 216 075 теңге табыс келді. 2023 жылы жаттығушы балалар саны - 878  өсті.

2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 55 427 912 теңге табыс түсіп, балалар саны - 678 болып тұр.

«Мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру» бағдарламасы әдістемесінде (методика) көрсетілгендей спорттық шұғылданатын балаларды жігерлендіру үшін спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, мақтау қағаздарымен марапатталып тұрады.

Бүгінгі күнге, жүзу бойынша - 10 нұсқаушы, таэквондодан – 2, грек-рим күресі – 1, дзодо – 2, бокс – 1, баскетбол – 2, көркем гимнастика – 2,  минифутбол – 1, волейбол – 1,  барлығы –  22 жаттықтырушылар  осы бағдарламамен жұмыс атқарып, Тараз-Арена спорт сарайының экономикалық дамуына және қаржылық тұрақтылығына өз үлестерін қосуда.