ШУ АУДАНЫНДА БИЫЛ 6 СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ
Биыл Шу ауданында 6 заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшасы салынады. Шу қаласында – 5, Төле би ауылында – 1 спорт алаңшасы.
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен Шоқпар, Бірлікүстем, Бірлік, Д.Қонаев ауылдарында демеушілік қаражат есебінен балаларға арналған жалпы құны 303 млн. теңгені құрайтын стрит воркаут, футбол және баскетбол алаңдарының құрылыстары жүргізілуде. Шілде айына дейін пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, аталған Корпорациямен Көкқайнар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға 264,0 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың шілде-қараша айларында жүргізу жоспарлануда.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шу ауданының әкімі Жәнібеков Бақытжан хабарлады.