Жаңалықтар

Жамбыл облысында тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңес

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жанында тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі Кедергілер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылған және жұмыс істейді. Кеңестің негізгі міндеті облыста адал бәсекелестікті дамытуға белсенді жәрдемдесу болып табылады.

Кеңес қызметінің нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдар «Кедергілер картасын» қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне және бәсекелестікті бұрмалайтын факторларды жою бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұйымдарға (жергілікті мемлекеттік органдарға) жіберіледі, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны қалыптастыру және өзектендіру кезінде пайдаланылатын болады.

Бұл кеңеске 13 мүше кіреді, оның 12-сі – азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлер және 1-еуі департамент өкілі. Бұл қоғам мүддесі үшін кедергілерді барынша объективті бағалауға және жоюға мүмкіндік береді.

Кеңеспен  13 кедергі (ОЭК – 2, АӨК-3, өзге салалар – 8) қарастырылды, оның 7-еуі  өңірлік деңгейде жойылды.

Кеңестің қызметі Департаментпен жұмысы барысында тиісті деңгейде жүргізілетін болады.