Жаңалықтар

Балалардың судағы қауіпсіздігі және өрттен қорғану шаралары

Облыс аумағында ыстық күндер басталды және осыған байланысты судағы жазатайым оқиғалардың пайда болу қаупі бірнеше есе өсті, бұл адам шығынына әкелуі мүмкін. Аталған мәселе өзекті болып қала береді, өйткені жазатайым оқиғалар жазғы демалыста көбінесе балалар қараусыз қалған кезде орын алады.

Осыған орай  7 маусымда Өңірлік орталық коммуникациялар қызметі базасында баспасөз конференциясы өткізілді. Онда Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері спикер ретінде қатысты.

Іс-шара барысында ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жалғас Абдуалиев және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Дархан Қалдарбек сөз сөйледі. Олар Жамбыл облысы ТЖ департаментімен жүргізілген алдын алу жұмыстары, жазғы демалыс кезінде балалардың өлімінің алдын алу шаралары туралы тоқталды.

      Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу қызметі құзыретіне кіретін жергілікті атқарушы органдармен және тиісті ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесіп жүргізіледі.

Биылғы жылдың ағымдағы кезеңіне және 2023 жылдың ұқсас кезеңіне салыстырмалы статистика келтірілді.  Балалардың қаза болу фактілерінің басты себебі - ата-аналардың қадағаламаулары, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады. 

      Осыған байланысты спикерлер халыққа өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, оның ішінде балаларды қараусыз қалдыру жағдайларына тыйым салу туралы өтінішпен жүгінді.

    БАҚ өкілдері өз кезегінде қызықтырған сауалдарға жауап алды.