Дүние жүзілік донор күніне орай облыстық қан орталығының атқарған жұмыстары
2004 жылы 14 маусымда алғаш рет «Донор күні» атап өтілді, ал бір жылдан кейін мереке Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-ші сессиясында тұрақты түрде тойланатын болып бекітілді. Айта кету керек, 14 маусым тектен-тек таңдалған жоқ. Бұл күні австриялық дәрігер және иммунолог Карл Ландштейнер (1868-1943) дүниеге келген. Ол 1930 жылы адамның қан тобын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған болатын.
Дүниежүзілік донор күнінің бастамашылары ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Федерациясы (бүкіл әлем бойынша еріктілерді біріктіретін гуманитарлық қозғалыс), Халықаралық қан донорлары Федерациясы және халықаралық қан құю қоғамы сияқты маңызды ұйымдар болды. Бұл ұйымдардық қай-қайсысы да адамдарды ерікті және тегін қан тапсырып, жақсылық жасауға шақырады. Осы күні біз адам өмірін құтқару үшін қажетті қанды өз еркімен және өтеусіз тапсыратын адамдарға алғыс білдіреміз, акциялар ұйымдастырамыз. соның арқасында адамзат үнемі қан тапсыру қажеттілігі туралы жан-жақты хабардар болады.
Бүкіл әлем 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күнін атап өтеді. «Дүниежүзілік донор күнін» мерекелеу аясында 2024 жылғы 12 маусымда Жамбыл облыстық қан орталығында сағат 10.00-де салтанатты іс-шара, сондай-ақ құрметті донорларды марапаттау өтеді.
Бүгінде республика бойынша қан қызметін 19 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде 2 республикалық бағытта - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Республикалық қан орталығы, 15 облыстық қан орталығы және 2 қалалық қан орталығы (республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы және Шымкент қалаларында).
Қазіргі уақытта Жамбыл облысының қан қызметінің клиникалық трансфузиологиясы медициналық ұйымдардың жанындағы 21 трансфузиология кабинетімен ұсынылған. Қанның ерікті донациясы ҚР қан қызметінің басым индикаторы болып табылады және оның ұлғаюы қанның сапалы, қауіпсіз компоненттерін дайындауға және беруге ықпал етеді.
Беделді шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанның қан қызметі әлемнің дамыған елдерінің қан қызметтерінен кем түспей, өз дамуында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді.
- Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады:
Тараз қ, Әл-Фараби көшесі 2 Б, байланыс телефондары: 54-47-22, 87088364309