Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен атқарылған жұмыстар
2024 жылы Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында 67373 жұмыс орындарын құру жоспарланған. Есепті кезеңге 24 940 жұмыс орны құрылды Өңірлік карта бойынша тұрақты жұмыспен 31746 адам қамтылатын болады. Субсидияланатын жұмыс орындарына 15197 адамды қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 11889 адам жұмысқа орналасқан.
Қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 1291 адамды оқыту жоспарланды. Онлайн оқыту курстарына 2610 жұмыссыз азамат оқытылып, оның 2421-і сертификат алды.
Ел Президентінің 2022 жылғы 1-қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5 пайызбен микрокредит берілуде. Осы жылға облыс бойынша 362 адамға 1810,0 млн.теңге көлемінде микрокредит қаралған.
2024 жылға 1008 адамға 1448,6млн.теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланып отыр.
Жамбыл облысынан ағымдағы жылдың 1 маусымына жұмыс күші тапшы өңірлерге 73 отбасы, 220 адамқоныс аударды.
1. Павлодар облысына - 39 отбасы,118 адам,
2. Қостанай облысына - 1 отбасы, 2 адам,
3.СҚО - 24 отбасы,77 адам,
4. ШҚО - 6 отбасы, 17 адам,
5. Абай облысына – 3 отбасы 6 адам.
Әлеуметтік көмектер туралы
2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 55 423 адамды қамту жоспарланып, 4,8 млрд.теңге қаржы қарастырылған.
Есепті кезеңге атаулы әлеуметтік көмек 27661 адамға тағайындалып, оған1349,4 млн. Теңге қаржы көзделуде.
Есепті кезеңде осал топтағы азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндеріне орай 6981 азаматқа 899 659 мың теңге біржолғы көмектер көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы
Бүгінге облыс көлемінде 45715 мүгедектігі бар адам тіркелген (о.і. 1-ші топтағы – 4424 адам, 2-ші топ - 16756, 3-ші топ - 17636 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6899 адам).Яғни, облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,7%-ын құрайды.
Үстіміздегі жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына (сурдо-тифло құралдар, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбалар) 4,3 млрд.теңге,әлеуметтік қызметтерге 2,2 млрд.теңгеқаржы бөлінген.
2023 жылы Сарысу ауданында сыйымдылығы 25 орындық мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылса, Тараз қаласында 150 орындық оңалту және бейімдеу орталығының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді Сонымен қатар, Тараз қаласында 110 балаға арналған «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» ашылды.