ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданындағы Жаңаталап ауылына кіре-беріс (0-2,6 шақырым) автокөлік жолы 103,9 млн.теңгеге орта жөндеуден өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Мердігер: «Сарысу жолдары» ЖШС-і.
Жолды көлік қозғалыса беру маусым айының соңына жоспарланған.
Айта кету керек, Мемлекеттің бағдарламалар кесіндісінде 50/50 паритетімен ауданда 2 жоба бар.
Жақында ғана бір жоба, 24,9 млн.теңгеге Тоғызкент ауылына кіре беріс (0-0,730 шақырым) автокөлік жолы орта жөндеуден өткізіліп, көлік қозғалысына берілді.