"АЛТЫН БЕЛГІ» ЖӘНЕ «ҮЗДІК АТТЕСТАТ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРПАТТАЛДЫ
- author Zhambylokq
- 13 маусым, 2024
- 245
Мектеп бітіруші түлектердің 15-і «Алтын белгі», 36 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.
Бүгін Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін салтанатты түрде қабылдады.
Марапаттау жиынына аудан мектептерінің біліктіліктері мен білімдерін дәлелдей білген мектеп бітіруші түлектері мен мектеп директорлары және ата-аналар қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы оқушыларды жетістіктерімен құттықтап, бұл жетістік білімді де өнегелі ұрпақ тәрбиелеу жолындағы аудан мектептерінің педагогикалық ұжымның еңбегінің арқасы екендігін айтты. Марапат иелеріне үлкен өмірде биік белестерді бағындыру жолында сәттілік тіледі. Бойына отансүйгіштік қасиет дарыған, білімді, ой-өрісі кең азамат болып қалыптасуларына, күш-жігерлерін еліміздің берекесі мен байлығын арттыруға жұмасуға, өмірден өз орындарын табуға тілектестігін білдірді.
Бұдан кейін аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков жүзден жүйрік шыққан түлектерді құттықтады.
Өз кезегінде сөз сөйлеген оқушылар өздеріне сенім артқан аудан басшыларына, ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын айтса, балаларының қуанышына ортақтаса келген ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.
Айта кету керек, биылғы 2023-2024 оқу жылында 410 оқушы 11-ші сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Әрбір түлек үшін жаңа өмірдің бастамасы басталды.
Бүгінгі жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан түлектеріміз алдағы уақытта еліміздің мақтанышына айналатындығына сенім мол.
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024