Жаңалықтар

2024 жылдың I жартыжылдықта мәдениет, архив саласында атқарылған жұмыстар

Мәдени ошақтар мен кітапханалар, музей, ескерткіштер мен архив саласы бағытындағы жұмыстарды қамтитын облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында жоспарланған шаралар тұрақты әрі мақсатты түрде жүзеге асуда.

2024 жылдың  I тоқсанында да бірқатар іс-шаралар өткізіліп, өңірдегі мәдениет, архив саласының көші ілгері жылжыды. Мәселен, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы облыстың 85 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бас жүлдені жерлесіміз Қанат Мырзахан иеленді.

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ашылды. Орталық бұрын басқармаға қарасты Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының Жамбылтану бөлімі еді. Енді өз алдына басқармаға қарасты мекеме болып қалыптасты. Ал архив саласында іс жүргізу, құжаттарды есепке алу, сақтау, сараптау тәртібі бойынша архивтердің Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтау көзі болып табылатын 151 мекемеге әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетіліп, 261 мекемеге кеңес берілді, 36 мекеменің құжаттарына мониторинг жүргізілді, оқу сабақтар, пікір алмасулар  ұйымдастырылды.

Баспасөз конференциясында басқарма басшысы Ерлан Жүнісбай өңірдегі мәдениет, архив саласының дамуы, 2024 жылдың алғашқы тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралар мен ауқымды жұмыстар жайындағы ақпараттар да ортаға салынады.