Жаңалықтар

Автомобиль жолдары саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар

2024 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді-мекен көшелерін жөндеуге жалпы 23,3 млрд.тг. Бөлінген қаражат есебінен 16,5 шақырым көше жолдары мен 1 көпірді құрылыспен, 3,0 шақырым жолды қайта жаңғыртумен және 631,9 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған.

Оның ішінде:

85,9 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;

71,9 шқ – аудандық маңызы бар жолдар;

493,6 шқ – елді мекен көшелері.

                   Барлығы 332 жол жөндеу жобаларын іске асырылып, 651,4 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта  жөндеулермен қамтылатын болады.

         Оның ішінде:

         - «ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында – облыстық және аудандық мәні бар жолдар бойынша 33 жоба немесе 157,8 шқ.  

- «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен – 166 жоба немесе 197,9 шқ.

- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 5 жоба немесе 18,3 шқ. 

- «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 1,2 шқ.

         - Аудандық және қалалық бюджеттерден – 125 жоба немесе 276,2 шқ.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаражаттың жалпы 2,2 млрд.теңгесі жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін күтіп ұстауға бағытталған.

                   Осы жобаларды іске асыру – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосады және жергілікті тұрғындардың көлік қозғалысын жақсартады.