Жаңалықтар

Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Жалпы 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен Мойынқұм ауданының бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты.

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі: 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 30,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,8 %-ға орындалды.

Есепті кезеңде

637,0 тонна алтын;

198,0 кг күміс;

470 тонна цемент;

34 млн. тонна әктас;

83,6 мың тонна барит рудасы мен концентраты;

367 мың текше метр гранит;

52 тонна балық өндірілді.

 

2.  Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында 7,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 115,7 %-ға орындалды.                

Инвестиция көлемі жыл қорытындысымен шамамен                30 млрд. теңгені құрайды, НКИ 102,5 %-ға орындалатын болады деп күтілуде.

 

3. Құрылыс жұмыстарының көлемі: 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 8,8 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,7 %-ға орындалды.   

Құрылыс жұмыстары көлемінің жылдық болжамы               29,6 млрд. теңгені құрап, НКИ 124,5 %-ға орындалатын болады деп күтілуде.

 

4. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2136 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген.

Қаңтар-сәуір айларының қорытындысымен 845 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды немесе 39,5  %-ды құрап отыр.

Әлеуметтік жұмыс орнына 62 адамға, жастар практикасына
30 жасқа, ақылы қоғамдық жұмысқа 396 адамға жолдама берілді.

182 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде  24 жұмыссыз мүмкіндігі шектелу азаматтар болып табылады.

Аудан бойынша ағымдағы жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 118,7 млн. теңге бөлініп, қантар-сәуір  айларында 52 отбасының 288 мүшесіне 7,6 млн. теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып төленді.

2024 жылдың сәуір айына аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайызды құрап отыр.

 

5. Қылмысқа қарсы күрес

 Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауданда барлығы 39 қылмыс (2023 жылы 34 қылмыс) орын алды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 қылмысқа немесе 14,7 пайызға көбейген. Себебі, ауыр санаттағы 6 қылмыс тіркеліп, оның ішінен 1 дерек ашылмауына байланысты тоқтатылған, соның салдарынан қылмыстың өсуіне әкеп соққан Қылмыстардың ашылуы 87,2 пайыз ды құрап отыр.                2024 жылдың 4 ай қорытындысы бойынша ұрлық дерегімен        3 қылмыс (2023ж-10) тіркелген. Тіркелген ұрлық қылмыстарының өткен жылдар санатындағы  3 ұрлық қылмысы ашылып, өндірістен аяқталған. АПБ жалпы мал ұрлығына қатысты 5 дерек тіркелген, оның 4-уі өткен жылы орын алған, алайда жәбірленуші тарап ағымдағы жылы арыздануына байланысты, қылмыстар санының өсуіне соқтырып отыр. Оның ішінде 3 дерегі ашылып, 3 дерегі өндірістен аяқталған.