Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
2024 жылдың 5 айында жалпы шығарылған өнім көлемі 16,1 (16071,8 млн.теңге) млрд. теңгеге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 млрд.теңге (1622 млн.теңге) артық немесе экономикалық өсім 111,2%-ға жетіп оң динамика қалыптасты.
2024 жылы ауданда әр бюджеттік бағдарлама тетігінен 6,7 млрд теңгеге 23 жоба іске асырылуда.
Атап айтқанда:
Білім саласы бойынша құны 1,7 млрд. теңге 2 жоба (Малдыбай ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысы- 1 млрд.681 млн.т., Қарақат ауылындағы № 2 орта мектебіне жапсарлас спорт зал құрылысы-48,3 млн.т.).
Денсаулық сақтау саласы бойынша құны 801,9 млн. теңге 3 жоба (15 келушіге Қайыңды ауылындағы ФАП -239,7 млн теңге, 15 келушіге Сабденов ауылындағы ФАП-304,6 млн теңге,оның ішінде ИКИ (инженерлық- коммуникациялық жұмыстар) -115,0 млн, 10 келушіге станция Қорағаты ФАП -257,6 млн теңге).
Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша құны 2,2 млрд теңгені құрайтын 8 жоба (Құлан ауылы «Арай» алабында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу-490,7 млн.т., Сөгеті ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-552,1 млн.т., Шөңгер ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-518,1 млн.т., Мамай ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-494,6 млн.т., Аққайнар, Мамыртөбе, Қосапан, Тойқұдық ауылдарына суды тазартудың кешенді блок-модулін орнатуға -120,4 млн.т.).
Спорт саласы бойынша құны 210,8 млн. теңгені (АЕБ) құрайтын 1 жоба (Жаңатұрмыс ауылына денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салу);
Мәдениет саласы бойынша құны 443,1 млн.теңгені құрайтын 3 жоба (Ақыртөбе ауылында 140 орындық мәдениет (АЕБ) үйінің құрылысы-233,3 млн.т., Жаңатұрмыс ауылында 90 орындық мәдениет (АЕБ) үйінің құрылысы-121,8 млн.т., Д.Қонаев а. мәдениет үйін күрделі жөндеу-88,0 млн.т.);
Авто жол саласы бойынша (АЕБ) құны 648,1 млн. теңгені құрайтын (25,2 шақырым жол жөндеуге) 24 жоба (13 елді мекеннің 24 көшесі: Құмарық – 1 көше, Алғабас-1 көше, Луговой- 5 көше, Қайынды-2 көше, Ақыртөбе- 4 көше, Тереңөзек-1 көше, Көкдөнен- 3 көше, Жақсылық-1 көше, Каменка- 1 көше, Жаңатұрмыс-1 көше, Қызылшаруа-1 көше, Сәбденов- 2 көше, Өрнек- 1 көше);
«Бизнестің жол картасы» бойынша құны 50,1 млн. теңгені құрайтын 1 жоба (ЖЭС ЖШС жаңадан енгізілетін "Сырым" ШҚ электр желілеріне қосу);
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша құны 584,6 млн. теңгені құрайтын 3 жоба (Абай ауылдық округінде орналасқан Қарақат су каналын қайта жаңғырту-555,6 млн. т.,Қарақыстақ ауылына мал өлекселеріне биотермиялық шұңқырдың құрылысына-13,9 млн.т., Қайынды ауылына мал өлекселеріне биотермиялық шұңқырдың құрылысына -15,1 млн.т. ) іске асырылады.
Жылу мәселесі бойынша құны 68,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба (Құлан а. Панфилов ы/а модульді қазандық орнатуға); жүзеге асырылуда.
Бұл жобалардың барлығы ауданды дамыту жоспарына және аудан әкімінің сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылуда.