Жаңалықтар

Меркі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыттары қаңтар-мамыр айлары бойынша аттқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

        2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 4725,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 54,7%-ды құрады (2023 жылы 10977 млн. теңге, НКИ-102,2%).

Өнеркәсіп өнімінің төмендеуіне "Меркі қант зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тоқтап туруы тікелей өз әсерін тигізуде. Себебі аудандағы өндіріс көлемінің 70%-ға жуығы осы кәсіпорынға тиесілі. Өндіріс көлемінің төмендеуі шикізат тапшылығына байланысты. 2024 жылдың                        4 айында 1 млрд. 619,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,8 мың тонна қант шығарылды, 2023 жылмен салыстырғанда өндірілген қант көлемі 13,4 мың тоннаға немесе 69,6 %-ға азайған (2023 ж.- 8 млрд. 48,6 млн. теңгеге, 19,1 мың тонна қант өндірілді).

       2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5683,3 млн. теңгені немесе НКИ 101,5 %-ды құрады (2023 жылы 6418,7 млн. теңге, НКИ-100,7%).

Оның ішінде: Өсімдік шаруашылығы бойынша 32,1 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 100,0 %  құрады (2023 жылы           134,5 млн. теңге, НКИ- 100,0 %).     

   Мал шаруашылығы бойынша 5651,2 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 101,6 %  құрады (2023 жылы 6284,2 млн. теңге, НКИ- 100,8 %).     

      Есепті кезеңде мүйізді ірі қара 364 басқа (50525 бас, 100,7%), қой-ешкі 10 мың 506 басқа (317584 бас, 103,4 %),  жылқы 3 мың 251 басқа (19863 бас 119,6 %) көбейды.  Ал, түйе 63 басқа (104 бас, 62,3 %),  құс                   8 мың 397 басқа (49518 бас, 85,5 %) кеміді.

      Есепті кезеңде 9292,1  тонна сүт (2023 ж. - 9111,0 тн.), 2929,5 тонна ет (2023 ж. - 2919,5 тн.), 581,3 мың/дана жұмыртқа  (2023 ж. –              580,9 мың/дана)  өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген сүт 181,1 тоннаға, ет 10,0 тоннаға жұмыртқа 0,4 мың/данаға өскен.

     2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9251,9 млн. теңгені немесе                   НКИ 133,6 %-ды  құрады (2023 ж. – 6881,5 млн. теңге, НКИ – 119,9%).