Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
1. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде жақсы қалыптасып отыр. Атап айтсақ: 1) Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 33 млрд. 775 млн. теңге немесе 100,1% 2) Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3 млрд. 600 млн. теңге немесе 102,8% 3) Негізгі капиталға салынған инвестициялар 10 млрд. 932 млн. теңге немесе 73%. 4) Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 716 млн. теңге немесе 205,9% 5) Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы көлемі 3 087 шаршы метр, орындалуы 101,7% 6) Бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 392 млн. теңге немесе 102,5%
2. 2024 жылы ауданда 3653 адамды белсенді шаралармен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 1 маусымына қамтылған азаматтар саны 1 583 адамды немесе 43,3 % құрады.
Орташа айлық жалақы 2024 жылдың 1 тоқсанында 291 059 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 27,7%-ға жоғары.
211 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (1 054 адам). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы саны 79-ға азайды (2023ж. 290 отбасы).
Бүгінгі күнге 1 123 жұмыссыз азамат есепте тұр, 2023 жылы тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,1 % төмендеген. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап отыр.
3. Қылмысқа қарсы күрес
4. Тұрғындармен кері байланыс
2024 жылға Сарысу ауданы мен қала және ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесудің арнайы кестесі бекітілген.
Жоспарға сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында халықпен 20 кездесу (10-ы аудан әкімімен, 10-сы а/о. әкімдерімен) өткізілген.
Кездесулерге барлығы 2 мыңнан аса тұрғын қамтылып, 45 мәселе көтерілген. Оның 78%-ы (35 мәселе) өз шешімін тапқан.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді орындау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, орындалуы бақылауға алынған.