Жаңалықтар

Кәсіпкерлік басқармасының атқарған жұмыстары

Өнеркәсіп саласында облыста барлығы 856 (14 ірі, 25 орта, 817 шағын) кәсіпорын жұмыс істейды, онда 44,3 мың адам жұмыспен қамтылған.

Жалпы тамақ өнеркәсібі саласында облыста 118 кәсіпорын жұмыс істейді (114 - шағын, 2 - ірі, 2 - орта). Саладағы көрсеткіштерді жақсартуда мемлекеттік пәрменді қолдауларды жүзеге асырумен қатар инвестиция тарту бойынша да ілгерінді жұмыстар жүргізілуде. Тамақ өнеркәсібі – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде 2027 жылға дейін жалпы құны 90 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба іске асырылуы жоспарланып отыр.

 

Химия өнеркәсібінде 41 кәсіпорын жұмыс істейді (40 - шағын, 1 - ірі). Саланың негізгі кәсіпорындары: «Казфосфат» ЖШС, (минералды тыңайтқыштар өндірісі), «НДФЗ» ЖШС (сары фосфор өндірісі), «Talas Investment Company» ЖШС (натрий цианидінің өндірісі), «TECHNOMART» ЖШС (тұрмыстық химия өндірісі), «Ecosystem servis» ЖШС (тыңайтқыштар өндірісі).

Саланың табысты көрсеткіштерін қалыптастыруда алдағы 4 жылда жалпы сомасы 630 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылатын болады.

                 Металлургия саласында облыста 14 кәсіпорын жұмыс істейді (12 - шағын, 1 – ірі, 1 - орта). Облысымызда бұл бағытта алдағы жылдары бірнеше өндіріс орындары ашылып, экономикалық өсім арта түсетін болады. Барлығы 1,2 трлн.теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

                

                 Жыл басынан негізгі капиталға 149,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, өсім 22,8% (2024 жылға арналған индикатор - 702 млрд. теңге).

                 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,5 трлн теңгені құрайтын 70 жоба іске асырылып, 6362 жұмыс орны ашылатын болады.

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі артқан: құрылыс индустриясында – 112,6%-ға, машина жасауда – 100,6%-ға, дайын металл бұйымдарын өндіруде – 149,7%-ға.