РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ: ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕГІН ДӘРІС АЛА АЛАДЫ
Жамбыл облысында 24-28 маусым аралығында репродуктивті денсаулық апталығы өтті. Репродуктивті апталық – жүкті болу, босану, және бала туу мүмкіндігіне қатысты медицина бағыты.
Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе, жастардың осы мәселеден құлағдар болғаны жөн. Әрбір науқан қатысушысы репродуктивті денсаулық туралы сенімді ақпарат алып, білікті мамандарға сұрақтарын қойып, тексеруден өтіп, салауатты болашаққа қадам жасай алады.
Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында (15 – 18 жасқа дейін) босану саны 37% - ға төмендеді. Аборт 36% - ға төмендеді. Жалпы алғанда, 15 жастан 18 жасқа дейінгі жүкті әйелдер саны 41% - ға төмендеді.