Жаңалықтар

1 жартыжылдық қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2024 жылдың 5 айында Жамбыл облысы соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Іс-шарада спикерлер ретінде Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Даулет Тасыбаев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева сөз сөйледі.  

Іс-шараны аша отырып, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Д. Тасыбаев сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаның негізгі бағыты заңның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот төрелігіне сенімін арттыру және кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ азаматтық даулар бойынша соттардың жұмысы туралы айтты.

2024 жылдың бес айында бірінші сатыдағы соттармен 7778 азаматтық іс өндірісімен аяқталып, оның ішінде 4313 іс шешім шығарумен қаралған. Апелляциялық тәртіппен 26 шешімнің (0,5%) күші жойылған, 30 шешім (0,7 %) өзгертілген.

Өз сөзінде қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Абидов 2024 жылғы бес айында облыс соттарының қылмыстық істерді қарау нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Оның сөзінше жалпы есепті кезеңде үкім шығарумен қаралған істердің төмендеуі байқалған.

2024 жылдың 5 айында апелляциялық тәртіппен 13 адамға қатысты 9 іс бойынша және 3 адамға қатысты кассациялық тәртіппен үкімдердің күші жойылды, барлығы 16 адамға қатысты апелляциялық және кассациялық тәртіппен үкімдердің күші жойылды, орташа республикалық 0,8% кезінде біздің көрсеткішіміз 2.3%.

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Д.Нұрлыбаева әкімшілік әділеттің жетістіктері мен аталған институттың азаматтардың өтініштерін қарау тиімділігін арттыруға және бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге ықпал еткенін атап өтті.

Әкімшілік әділеттің аясында 2024 жылдың 5 айында 463 әкімшілік іс түсіп, 346 іс қаралған.

Яғни, ағымдағы кезеңде әкімшілік талап-арыздар түсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 177 талап-арызға немесе 27,6% - ға төмендеді.

34 іс бітімгершілікпен аяқталды, оның ішінде: медиация тәртібімен - 30, татуласу туралы келісім жасасумен – 4, талап арызды қайтарып алуға байланысты (сот отырысы барысында) – 11.

Спикер әкімшілік істерді қарау барысында судьялармен азаматтар мен бизнес субъектілерінің сотқа шағымдары мен өтініштеріне негіз болған лауазымды адамдардың, әкімшілік органдардың жүйелі проблемалары анықталғанын атап өтті.

Соттармен істерді қарау нәтижелері бойынша әкімшілік орган мен лауазымды тұлғалар атына 12 жеке ұйғарым шығарылды.

Брифинг барысында сот жүйесінің өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді